Өле сүйем мен өзіңді, өмірім!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Тәңірім!
Екі болып көрді ме екен әмірің?
Махаббаттың мазағына ұшырап,
Қасыреттің илеп жүрмін қамырын.
Жолын тостым жақсылықтай жаршының,
О, адамдар!
Осы менің – бар шыным.
Мұңмен егіз тусам керек мен, тегі,
Шаттық маған шашып кетті шалшығын.
Тағдырыммен мені күтіп тұр егес,
Көз алдымда – сағымдайын бір елес.
Сені аңсаумен қарайлаймын артыма,
Күндерім-ай, күлегеш.
... Адалдыққа құшақ болып – жайғаным,
Бірақ мен де тура жолдан таймадым.
Қара өлеңмен салып қалдым қарына,
Қалқығанды, қасиеттің қаймағын.
Келер күннен тосын сыйды тос ерен,
Түбінде бір көгерер-ау көсегең.
Бір сыр айтам, егер маған сенсеңіз,
Жанарымды сүрткен менің осы өлең!
Бермесең де тәкаппардың көңілін,
Өршілдіктің кезем ұдай өңірін.
... Өзегіме жабыса бер, өзің біл,
Өле сүйем мен өзіңді, өмірім!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өле сүйем мен өзіңді, өмірім! өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Өле сүйем мен өзіңді, өмірім! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өле сүйем мен өзіңді, өмірім! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өле сүйем мен өзіңді, өмірім! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері