Бір жас әйелге – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бір жас әйелге» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Өлуге тумай жатып кім асығар,
Күн шығар, мезгілімен гүл ашылар.
Өтінем, жауап берші, ей, жас әйел,
Тумаған сәбидің не кінәсі бар?
Сені де жүкті болып туған анаң,
Тұрмыстың тауқыметін тыңдамаған.
Ал, сен ғой, бүршіктеген бір өмірдің,
Дауысын естімедің іңгәлаған...
Анаңның кешпедің бір толғағын да,
Жатпады тірлік тулап оң жағыңда.
Жем тасып асыраған балапанын,
Япыр ау, торғай құрлы болмадың ба?
Анаға тірілік түгіл тас иетін,
(Бұл ісің болар мәңгі қасіретің)
Бойыңнан сол арқылы кеткен шығар,
Жойылып анаға тән қасиетің...
Қарашы, жұлдыз туар ақ аспанда,
Жарығын төгер, көзін жаңа ашқанға.
Бүршіктеп, жапырақ жайып, адам түгіл,
Туады көктем сайын ағаштар да...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері