Тағы оянды бір көктем – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Тағы оянды бір көктем» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 777
Алау таң мен өзеннің – күтіп алдым, күлкісін,
Жүз құбылған, салайын, - тоты жырдың түр-түсін!
Жадыратып, жандарды – самалым кеп, жұлқысын,
Тағы оянды, бір көктем!

Өзен даусы гүрілдеп, талдар оған алаңдап,
Мамыражай, келді әуен, артта қалды, боран шақ.
Көл-сыяға батырып, алдым мен де қаламсап,
Тағы оянды, бір көктем!

Қанатында жырымның – қаңғып кеткем, мен бүгін,
Балын сыйлап, шырын күн, жарып шықты, торды үнім!
Өзеніне тәубенің – жуып алдым, шерді мың,
Тағы оянды, бір көктем!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері