Дүние жалған екен – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Дүние жалған екен» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 712
Мына дүниенің сыртына – шығып кеткелі, мен қашан,
Іздеуді қойған, таныстар – жердің бетіне қонбасам.
Көкжиектегі алауға ілініп қалған – қан-жоса ән,
Дүние – жалған екен!

Тәнімнің қамы – тәркі боп, Рухымның қамына алаңдап,
Думан өмір орайды –лапылдап қайта жанам- деп.
Шегіркөз- дүние қарайды – қайтсем түсіріп алам деп
Дүние – жалған екен!

Адасқан күлкім дәруіш боп,- Аңызақ елден түңіліп
Ішітарлардың қысымынан жырымды жыртып, мың ұрып.
Әкеттім бе екен, қапыда – жердің теңізін сіміріп,
Дүние – жалған екен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері