Бүгінгі көрініс – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бүгінгі көрініс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 876
Қазақстанның денесiн
Қаптаған сөздер
Талап жатыр.
Таланған жерлерi
Сорғалап қанап жатыр.
Қазақстанның денесiн
Ит-сөздер
Талауда.
Қазақстанның денесiн
Бит-сөздер
Талауда.
Ит-сөздер
Абалап үрiп
Жанын салуда;
Бит-сөздер
Қадалып кiрiп
Қанын соруда.
Ит-сөздер
Қазақстанның
Ең бiр жұмсақ жерiн
Жалбыратып ойып алыпты.
Бит-сөздер
Қазақстанның
Қып-қызыл ыстық қанына
Iсiнiп тойып алыпты.
Қайран Қазақстан
Таланып жатыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері