Тағы да таң атты

Бұл бетте «Тағы да таң атты» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тағы да бір күннің таңы атты,
Жылытып бүр жарған сабақты.
Қаншама құстарды оятты,
Арайы аралап алапты.

Тағы да бір күннің таңы атты,
Балғын шөп сипалап балақты.
Қаншама тіршілік нәр алды,
Көтеріп сусаған сағақты.

Тағы да бір күннің таңы атты,
Түрткілеп тыншыған манатты.
Таулардың аңғарын түнеген
Қаншама жолаушы қолатты.

Тағы да бір күннің таңы атты,
Алтын Күн сәулесін таратты.
Қаншама періште-сәбиді
Жаратқан жар болып жаратты?!

Тағы да бір күннің таңы атты,
Баянды мың күнге балатты.
Қаншама жандарға нұр құйып,
Аштырған түйілген қабақты.

Тағы да бір күннің таңы атты,
Арманның сатысын санатты.
Қаншама үмітке от жағып,
Таудай ғып береді талапты?!

Тағы да бір күннің таңы атты,
Ілгері жылжытып сағатты.
Қаншама тағдырды сынайды,
Түгесіп болғанша тағатты?!

Тағы да бір күннің таңы атты,
Адамзат жанарын қаратты.
Қаншама шаңырақ шаттанар,
Толтырып ырысқа табақты?!

Тағы да бір күннің таңы атты,
Атқарар әрбір іс - жауапты.
Қаншама пендеге бұйырар
Айыру күнә мен сауапты?!.

Тағы да көп күннің таңы атсын -
Алладан тілерім, қалап шын.
Әділдік әмірлік орнатсын,
Адалдық шуағын таратсын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы да таң атты өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Тағы да таң атты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағы да таң атты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Ахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағы да таң атты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері