Аққулар – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Аққулар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әй, аққулар, аққулар,
Күз алыс па, жуық па?
Неге қанат қақтыңдар.
Көлдің суы суық па?
Қандай мекен таптыңдар,
Онда мұндай көл бар ма?
Айтыңдаршы аққулар,
Біздің жердей жер бар ма?
Әлде көкте саңқылдап,
Айдын-шалқар көл, міне?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері