Қазақша өлеңдер жинағы

Қазақша өлеңдер жинағы — бұл бөлімде қазақ әдебиетіндегі үздік өлеңдер, әдемі өлең шумақтары және толық өлең мәтіндері топтастырылған. Мұнда әртүрлі тақырыптағы қазақша өлеңдер, жүрекке әсер ететін жырлар мен мазмұнды туындылар ұсынылған.

Осы бөлімде махаббат, өмір, достық, ана, табиғат және басқа да тақырыптарды қамтитын өлеңдерді оқуға болады.

Егер сіз қазақша өлеңдер, қысқа шумақтар немесе толық өлең мәтіндерін іздесеңіз — осы жинақтан таба аласыз. Жаттауға, оқуға немесе бөлісуге арналған ең үздік өлеңдер осы жерде жинақталған.

Қуаныш

gulnazi999

Мен қуандым бәрі жақсы болғанға
Халқым аман болсын қашанда.
Ұрпағымыз ұлан асыр қазақтың,
Тек жақсылық болсын қашанда.

Толық оқу

Қыс

gulnazi999

Ақ мамыққа оранады жер беті,
Айнадай боп жалтырайды көлдері.
Аязбенен ою салды әйнекке,
Айтуға болады енді міне қыс келді.

Толық оқу

Раушан гүл

Ғафуран Желдеш

Раушан гүл ол әдемі,
Көкте күннен нәр алған.
Шаттық сыйлап баршаға,
Қуанту үшін жаралған.

Толық оқу

К...ге

Мағжан Жұмабаев

Күніңмен алтын қуантпай,
Гүліңмен жібек жұбатпай.
Жеттің де тез өттің, жаз.
Ағаш, шөптер қуарған,

Толық оқу

Айырылғанда

Мағжан Жұмабаев

Бір жыл болды сені сүйдім, уладым,
Бауырыңа алдың, неге мені қумадың?
Ессізбін мен: айрылуды ерте ойлап,
Қанды жаспен көзім неге жумадым?!

Толық оқу

Гүлсімге

Мағжан Жұмабаев

Жұмақтағы жібек желден,
Мәңгі жайнап тұрған гүлден.
Жаратылған әйел сұлу!
Тұрмыс деген бір тұзаққа,

Толық оқу

Гүлсім ханымға

Мағжан Жұмабаев

Бота көз, сиқырлы сөз Гүлсім ханым,
Әр жерде өткізсек те өмір таңын,
Кей уақыт көзіңізге көзім түссе,
Ойнайды аласұрып неге жаным?!

Толық оқу

Арудың солдатқа хаты

Ғабиден Қожахмет

Ол кеткен жоқ бостан-босқа аулаққа,
Ол жатқан жоқ көк шалғынға аунап та.
Ел алдында ақтап жүрген борышын -
Хат жазыңдар қатардағы солдатқа.

Толық оқу

Тірілдім

Мағжан Жұмабаев

Сансыз күндер ой астына көмілдім,
Қор болып ем көңілін таппай көңілдің.
Жаспен жасып, оймен азып-тозып ем,
Өліп едім, бүгін тағы тірілдім.

Толық оқу

Тәуелсіздік

sunadilla

Тәуелсіздік - арманы бабалардың,
Күші бар кеудесінде қара нардың.
Егемендік елдікке қол жеткіздік,
Келешек қамы үшін балалардың.

Толық оқу

Сағыныш

gulnazi999

Сағынамын ата-анамды,
Өсірген мәпелеп мені.
Қайтара алмаспын ешқашанда,
Сендердің алдыңдағы қарызымды.

Толық оқу

Бақыттымын

gulnazi999

Бақыттымын, шын бақыттымын,
Бақыттың айдынында қиялмен жүздім.
Армандарым орындалып,
Бақыттың құшағында шалқып жүрмін.

Толық оқу

Бақыт құсы

gulnazi999

Бақыттымын, шын бақыттымын,
Бақыт құсы сен ұзақ күттім.
Қондырып қолыма аялайын,
Ақ құсым сенен ешнәрсені аямаймын.

Толық оқу

Көңіл...Толқын... Самал жел

gulnazi999

Бұл кітап баяндайды шағын ғана
Не көрсетті, не үйретті өмір дана.
Жас күніңде бүкіл әлем аяғыңның астында,
Қартайғанда болса дейсің балаларым қасымда.

Толық оқу

Уәде берем, Қасым аға

BibinurMadiyar

Өнерінің биік шыңын бағындарған,
Жазбай қалса өлеңдерін сағындырған.
Қасым аға жырларына сәл үңілсем
Байқатады әрбір сөзі бір алып мән.

Толық оқу

Абайша айтқанда

BibinurMadiyar

Қатал сынға өмірді толы дейді,
Дегенмен шын мықтылар берілмейді.
Тағдырдың жазуы деп жүре берсең
Жеңілесің, ал олар жеңілмейді.

Толық оқу

Ұлылардың Ордасы

BibinurMadiyar

Түсер еске «қазақ» десе «Алашы»,
«Алаш» есім биікте тұр қарашы.
Кешегі күн ауыртпалық қалдырса
Бүгін міне, жеңілдеуде жарасы.

Толық оқу

Тәуелсіздік

SakenulyMaulen

Болашақ ұрпақтардың қорғаны
Керей менен Жәнібектің арманы
Тарихымның айнымаған куәсі
Тәуелсіздік, жолымызды жалғады

Толық оқу

Өзгеріс

gulnazi999

Қалайды жаным менің өзгерісті,
Қайран көңіл ештеңені сезбейді.
Өмір бәрі әлі алда деп,
Өзімді алдағым келмейді.

Толық оқу

Айзере

gulnazi999

Күннің нұры жарқырайды,
Ай –жұлдыздар жымыңдайды.
Көк төрінде қуаныш,
Сәби келді дүниеге деп сыбырлайды.

Толық оқу

Күз

gulnazi999

Күннің бүгін салыңқы қабағы,
Аспанды сұр бұлт жабады.
Түнеріп жақтырмайды ешкімді,
Мұңын шағып, қоштасып,

Толық оқу

Тағдыр

gulnazi999

Дейміз біз жазылған маңдайға,
Әрбір жан іңгәләп туғанда.
Жұбатып жатамыз бір –бірімізді,
Тап болса қанадай да қиыншылыққа.

Толық оқу

Кешкі ой

ZhaniK

Кейбіреуге мүмкін мен бір жындымын?!?
Жаратқан соң пенде қылып-міндімін!.
Кейбіреуге есепте жоқ ешкіммін
Кейбіреуге таптыртпайтын құндымын

Толық оқу

Елорда

Zarina_Baktybaeva

Қаншама жыл бостандық күнін күткен,
Қаншама жыл суық түнді бастан кешкен.
Сонау жұртқа тарих боп сырын бүккен,
Талай баба бұл шаһарды аңсап өткен.

Толық оқу

Бұл қазақ

Erkebulan011

Дін десе арабтыңкі дейтін қазақ
Дүниеде арабқа ұмтылады,
Бұл қазақ ислам жолын бек ұстанса,
Ақыреттік азаптан құтылады.

Толық оқу

Желтоқсан ызғары

Жақанова Мерей

Желтоқсан қасіретті айдын бірі,
Жай ғана саналмайды айдын өзі.
Жер сілкініп түскендей сол бір күні,
Қырылды қазақтың ұл мен қызы.

Толық оқу

Елім менің

Жақанова Мерей

Желбірейді көк байрағы аспанда,
Жеткен екен тәуелсіздік белгісі.
Қайран халқым қуанды ғой балаша,
Жаса мәңгі,Қазақстанббас алға!

Толық оқу

Армысыздар

Отынбай Аружан Абайқызы

Армысыздар!
Ел үшін жанын қиған,
Жерім деп белін буған.
Сонау бес елдің ортасына

Толық оқу

Қоңыр күз

Отынбай Аружан Абайқызы

Арқалап келді қоңыр күз қарасуығын,
Қойғандай өшіріп тамыз жылуын.
Алтынға еніп түгел айнала
Шығарды аспан ерке қылығын.

Толық оқу

Тіл мәртебесі

Омарова Қанағат

Тіл мәртебесі елімнің,
Қашан шыңға жетеді?
Қазақ тілі бүгінгі,
Елінің ірге тасы демекпін.

Толық оқу

Биылғы жыл (пандемия жайлы)

Отынбай Аружан Абайқызы

Биылғы жыл сыналатын кезі болды пенденің,
Құны кетіп қолдың кірі, ақшаменен теңгенің.
Үйде отырып тазалықты сақтағаның ендігі
Басқалардың қамын ойлап, вирусты да жеңгенің.

Толық оқу

Қазақша өлеңдер жинағы

Бұл бөлімде қазақша өлеңдер, өлең шумақтары, әдемі өлең жолдары, мағыналы өлеңдер және толық өлең мәтіндері жинақталған.

Өлең шумақтары мен өлең жолдары

Өлең шумақтары, қысқа өлеңдер, әсерлі өлең жолдары және жаттауға ыңғайлы шығармаларды осы бөлімнен таба аласыз.

1, 2, 3 шумақ өлеңдер

Қысқа өлең іздейтіндер үшін 1 шумақ өлең, 2 шумақ өлең, 3 шумақ өлең форматындағы шығармалар да ұсынылған.