Өлеңдер жинағы - 470 бет

Көктемге хат

Жұматай Жақыпбаев

Сеңсеңі жасыл, көрпеші гүлді беткей, шың,
Көп болды көлбеп көзімнен бір сәт кетпейсің.
Көкекке мініп, италақазды жетекке ап,
Көктемім менің, көмекке маған жеткейсің.

Толық оқу

Мамырым менің

Жұматай Жақыпбаев

Бозамық көкке бозторғай құсты ілдірген,
Мал өріс қырға масаты тыстап үлгірген,
Мамырым менің, жер бетін түгел көгерткен,
Үйренем сенің үлгіңнен!

Толық оқу

Ләйләң қайда?

Жұматай Жақыпбаев

«Ләйләң қайда?» - деді маған күліп күн,
«Ләйләң қайда?» - деді маған күліп түн.
Дүниенің көріп жүрген күллі елін
Көрдім маған күннің қатты күлгенін.

Толық оқу

Сені көргім

Жұматай Жақыпбаев

Біраз тілді үйренгем жоқ тегіннен,
Бір кісідей білем барлық мұраны.
Шоң кеңсеге ертең барар едім мен,
Сені көргім келеді де тұрады.

Толық оқу

Абайға арнау

Айгерим Байызакова

Абайдың өлеңімен мақтанамын,
Шығармасын оқып шаттанамын.
Киелі, қасиетті жерде туған,
Шығысым, Абайым деп мақтанамын.

Толық оқу

Өмір маған тарылды

Омар Закиров

Неге олай,бақыт болмай өмір маған, тарылды
Өз тағдырым өмірімнің салдарына бағынды
Мен балаңмын уақытында өмір сүріп келетін
Ей өмірім мен сүргенде берші маған барыңды

Толық оқу

Ұстаздарым

Адырбек Сопыбеков

Ақылмен ой-санаңа нақты ұстайтын,
Жарқырап өмір-бақи тот баспайтын.
Шамшырақ жолындағы – білім болса,
Ұстаз ол – сол білімге жол бастайтын.

Толық оқу

Нан иісі

Адырбек Сопыбеков

Сыр бойының ақ күрішін,
Жинадың сен ел ырысын.
Ел сүйсінген еңбегіңе,
Сыр сұлуы – сен бірісің.

Толық оқу

Наурызда

Жанат Жаубасов

Ауылыма көшет тұрғыздым,
Ық болсын деп боранда.
Қасында тұрса жұлдызың
Айда уайым болар ма?

Толық оқу

Азатпын

Жанат Жаубасов

Ата-баба аруағын сыйлар құлымын,
Айбыным зор, Мағжанға тартқан ұлымын.
Ата-анаммен бөлісіп өстім таң нұрын,
Арнадым саған, туған ел, бүгін жан сырын.

Толық оқу

Иманжүсiп

Кеңшілік Мырзабеков

Сонымен Иманжүсiп Ақмолада‚
Түскен жоқ тас түрмеге таққа бола.
Жаққан жоқ ешқашанда аққа қара‚
Жапқан жоқ жәбiр жасап, жоққа жала.

Толық оқу

Ақ дүние

Кеңшілік Мырзабеков

Талай да талай күн өтті,
Қарай да қарай жан-жаққа.
Ағарып атқан таң да аппақ,
Артымда қалған шаң да аппақ.

Толық оқу