Бір ой
Өмірде-адамдар өзгереді,
Біреуі жаныңда,
Біреуі-алдыңда,
Біреуі-артыңда,
Бұл өмірде өзгелермен күреспедім,
Алысып,жұлысыпта, тіреспедім.
Күрескенмін мен дағы Өзімменен,
Бәрібір чемпиондыққа ілеспедім.
Жүректі ұстап мұң айтып,
Неге? бұлай демегің.
Қара көзді қарындас,
Ауырмасын жүрегің.
Қадір тұтсаң ана тілді мәпеле,
Ана тілге өзге тілдер жете ме?
Жүрегіңе жол табатын ұялап,
Уа , Ана тіл көтеремін төбеме.
Ақтөбе -құтты мекен ,туған өлкем,
Қызғалдағы құлпырған атамекен!
Жер -ана мен сенің бір гүліңмін,
Жыр арнайын жүректен саған көркем.
Көр кеудені етер дейсің кім үлгі,
Тыңдатпаққа ұмтылсаң да үніңді?
Бұл заманда оқығандар- көшбасшы,
Озатын да, әр додада- білімді!
Томпайып бейіт қалды белең қырда,
Мұра қып қолау құба көбеңді ұлға.
Білген жоқ бірақ ана сол ұлының,
Боларын құмар өрен өлең-жырға.
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Мешін жылы ақпандатқан,
Ақ түтекте туыппын.
Ақ құндақта сезе қоймай,
Не екенін де суықтың.
Әлди, әлди, ақ бөпе,
Ақ бесікке жат бөпе.
Әжелерің мерейін
Тасыт, көңлін тап, бөпе.
Болашақ сендердікі, өрендерім,
Білімнің өтедіңдер төлемдерін.
Тердіңдер әр пәннің де жақұттарын,
Тұңғиық сүңгіп жүзіп тереңдерін.
Өлкесіне өлеңнің
Ақын келіп ақ маңдай,
Жаулайтұғын жүректі
Сиқыр жырлар тапқандай.
Әкесі Есмұхаммет момын адам,
Сөз қуып тілін, жағын жанымаған.
Үш ұлы жұныттай боп ер жеткенде,
Танылды талай жұртқа танылмаған.
Деді әлде, демеді әлде еленейін,
Кернеді керім өнер өне бойын.
Еңсерді қой асықтай қолда ойнатып,
Азия, Европаның өрен ойын.
Марқасқасы ғасырдың,
Ақыл-ойдың саңлағы.
Дүбіріне үн қосқан жаңғырығып жан-жағы.
Келген, жортқан екпіні желпіндіріп мезгілді.
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Жасқанбай дауыл өтінен,
Ызғары сүйіп бетімнен.
Ақ көңіл дала қызымын,
Естіген үнін жетіген.
Кеше, кеше, есіңдеме бала күнгі балғын шақ...
ойнаушы едік тай құлындай асыр сап...
ауылымыз біздер үшін болатұғын алтын бақ...
топырағы болған бізге бала күнде хандық тақ...
Ана жаным, бұл қалай жасағаның?
Неге сонша қатты еді тастан жаның?
Өзіңнің ертеңіңді ойлаймын деп,
Қалай болды қоқысқа тастағаның?
Бір аңгіме қозғалса Қайыңды деп...
Өлең былай жырлайды жайымды тек...
Бойда қаным тасиды жәймен үдеп...
Кең кеудеге сыймайды соқса жүрек...
Кеше, кеше, есіңдеме бала күнгі балғын шақ...
Ойнаушы едік тай құлындай асыр сап...
Ауылымыз біздер үшін болатұғын алтын бақ...
Топырағы болған бізге бала күнде хандық тақ...
Тұрғанда дене суып, аяз қарып...
Бой түзеу әл келмей көңіл налып...
Сержант қыздар жанымызға жайғасты кеп...
Арай төгіп ай жүзі шуақтанып....
Естігім кеп сен жақтан жақсы хабар...
Елеңдеумен ішқұса жаным шығар...
Байқайтын жан таппадым жай күйімді...
Түсінер жан туды ма екен жанымды ұғар...
Естуші ем сен жайында аңыз-дастан,
Бір ұл ем сені айтқанда ауыз ашқан.
Бар ме екен сыңғырыңа тоймай қарап,
Суыңнан тоймай ішіп байыз басқан.
Ежелгі бабам айтқан қайырлы таң
Әрбір үйге күлімдеп шуақ шашқан
Ерте тұрған еркектің ырысы артық
Осы сөзді мінеки дана айтқан
О Махаббат, ұғымың терең бе еді?
Әлде бір естімейтін керең бе едің?
Ес кетіп тұр алдыңда
Ғашық жүрек, елер ме едің?
Еркеліктерден мөлдір көздерім нұрланып,
Өлең өмірім қуаныштармен жырланып.
Қаннен қаперсіз, пәк көңілменен күлетін
Балалық шақтың күндері барад ұрланып.
Әлиханмын, Жүсіпбекпін қаны бір,
Дес бермейтін сескенбейтін жаны дүр.
Көзімізді жойса дағы мылтықпен,
Сөзімізді жоя алмады бәрібір.
Бітпейтұғын күнделікті күйбеңмен,
Жүрген әкем бейнет көрген,сый көрген.
Одан мынау жақсылықты ұғынғам,
Одан мынау адалдықты үйренгем.
-
- Архимед
- Оноре де Бальзак
- Александр Пушкин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі