Айналаңа сені өрге жетелейтін адамдарды жинауға тырыс. Себебі, сені төменге тартатындар қашанда табылады. Ілмектер: айнала, өр, адам, төмен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джордж Клуни Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Айналаңа сені өрге жетелейтін адамдарды жинауға тырыс. Себебі, сені төменге тартатындар қашанда табылады.
Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара. — Жүсіп Баласағұни үй, көрші
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас. — Шалкиіз Тіленшіұлы ағайын, туыс
Кейбір адамдар ішсем, жесем деп дүниеге келеді, ал кейбіреулері білсем, көрсем деп келеді. — Абай Құнанбайұлы ішу, жеу
Адам өмірін ақылының құлаштап, түйсігінің түрткілеп, санасы мен өрісінің мүмкін болған логикалық шегі’ жеткен жеріне дейін қауқарласып, келбетін сомдап үлгереді! Өзі қалыптап, қамти алған кеңістік” пен оған тән болған УАҚЫТ* шеңберінде фазасы «БАР» болып көрініп, бағасын «Өзі» құрайды. Одан әрі аспайды. Адамзат қоғамы содан қалыптасады... ақыл, сана
Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. — Абай Құнанбайұлы көрсеқызарлық, жеңілтектік
Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады. — Ілияс Есенберлин сөз, жүрек
Инабатты болса – әйел көрікті, Ақ сақал жарасса – шал көрікті, Сүйікті болса – ағайын көрікті. — Қорқыт ата инабат, көрік
Құлақ екеу, ауыз біреу. Ол не үшін бұлай? Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай. Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай? Көп көріп, аз таңдануға жаратқан оны солай. Ауыз біреу, қол екеу – ол не үшін бұлай? Көп жұмысшы, аз жеуші – жаратқаны ол солай. — Ахмет Байтұрсынұлы сөйлеу, көру
Хабарлама
INFO
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі