Заманына қарай амалы бар емес пе? Ілмектер: заман, амал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Заманына қарай амалы бар емес пе?
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. Менің жаным ашиды мына өмірді, Өтпейтіндей көретін адамдарға! — Мұқағали Мақатаев уақыт, адам
Үлкен-кіші адамнан иба кетті, Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті, Мінез-құлық бұзатын әдет жетті, Бұл не деген заман болды, достар?! — Қожа Ахмет Йассауи заман, мінез
Бұ заманда не ғаріп - ақ қалалы боз ғаріп, жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп. — Асан қайғы заман, сөз
Ақырзаман болғанда Қатын би болар Сиыр пұл болар Туған балаң қу болар Үй ішінде неше жан болса, Бас-басына би болар. — Мөңке би ақырзаман, қатын
Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. — Нұрсұлтан Назарбаев заман, жарыс
Қазақ елi жалқау ел. Заманнан кейiн қалған ел. Бiрақ сен жалқау екенсiң деп жүрiп бара жатқан заман тоқтап тұрмайды. — Сәкен Сейфуллин қазақ, жалқау
Мына заман қай заман, Қаскүнемге жай заман. Араздық пен өсекке, Өлшеуі жоқ бай заман. — Шәкәрім Құдайбердіұлы заман, қоғам
Мен ағайынды екеумін: біреуі - өзім, екіншісі - халқым. — Сырым Датұлы халық, афоризм
Хабарлама
INFO
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі