Пасыққа дәулет бітпес. Ілмектер: дәулет Қорқыт ата Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Пасыққа дәулет бітпес.
Қызда қылық болмаса, Құр шырайдан не пайда. Ерге дәулет бітпесе, Шүлдіреген қызыл тілден не пайда. — Бұқар жырау қыз, дәулет
Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды. — Абай Құнанбайұлы уайым, салғырт
Еңбек қылмай тапқан мал, дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар. — Абай Құнанбайұлы еңбек, дәулет
Дәулетті ұл – ошақтың қоры, Дәулетсіз ұл – атаның соры. — Қорқыт ата дәулет, ұл
Жақсыға бітсе дәулет бақ айналар, Жаманға бітсе дәулет әуе айналар. Басына ер жігіттің іс түскенде, Арасы қас пе достың абайланар. — Ақан Сері Қорамсаұлы жақсы, дәулет
Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ, Білім білген әр істе шебер болмақ. Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап - Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ. — Шәкәрім Құдайбердіұлы білім, шебер
Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік. — Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік, жастар
Бақ пен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі. — Майлықожа Сұлтанқожаұлы бақ, дәулет
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі