Мақал-мәтелдер жинағы: қазақша мақал мәтелдер – 265-бет

Бетің қисық болса,
Айнаға өкпелеме!
Ниетің қисық болса,
Ағайынға өкпелеме.

Ілмектер: ниет, ағайын, туыс
WhatsApp Telegram

Жаныңды қинасаң,
Ерлік оңай.
Жақыныңа бұрмасаң,
Билік оңай.

Ілмектер: ерлік, туған, туыс, ағайын
WhatsApp Telegram

Ақылы елден артылған,
Ақылық болса, бір мақтан.
Жұрттығы жұрттан артылған
Жақының болса, бір мақтан.

Ілмектер: туған, туыс, жақын, мақтан, ағайын
WhatsApp Telegram

Сараңның қолы қалтырауық.

Ілмектер: сараң, сараңдық
WhatsApp Telegram

Ұялмас бетке,
Талмас жақ береді.

Ілмектер: ұят
WhatsApp Telegram

Ерінбеген, елекпен су ішеді.

Ілмектер: су, ерінбеген
WhatsApp Telegram

Балықшының үйіне қонсаң,
Қарма жерсің.
Тарышының үйіне қонсаң,
Жарма жерсің.

Ілмектер: тамақ, ас, қонақ
WhatsApp Telegram

Өткелім саяз деме,
Таяғыңды салып бойлат.
Ісім мақұл деме
Ағайынға салып, ойлат.

Ілмектер: ағайын, туған, туыс
WhatsApp Telegram

Жұт — жетеу, содырмен сегіз,
Салақпен — тоғыз, олақпен — он.

Ілмектер: жұт
WhatsApp Telegram

Өзі қаңбақ болсын,
Онда қандай салмақ болсын?!

Ілмектер: қаңбақ, салмақ
WhatsApp Telegram

Дәуден үлкен көп екен,
Дәмнен үлкен жоқ екен.

Ілмектер: дәм, ас, тамақ
WhatsApp Telegram

Төркіні тентек келіннің
Тілі ұзын
Төркіні момын келіннің
Жібі ұзын.

Ілмектер: төркін, келін, туған, туыс
WhatsApp Telegram

Алғанға бар,
Бергенге жоқ.

Ілмектер: қонақ
WhatsApp Telegram

Жетіскен жеті көсеумен көсейді.

Ілмектер: қонақ
WhatsApp Telegram

Табақ тартқан
Тамақ сұрамайды.

Ілмектер: тамақ, қонақ
WhatsApp Telegram

Алтыда тісім түсті,
Алпыста ағайынға ісім түсті.

Ілмектер: ағайын, туыс, туған
WhatsApp Telegram

Шаш — бастың көркі
Тұз — астың көркі.

Ілмектер: тұз, ас
WhatsApp Telegram

Инең болса — иінің бүтін.

Ілмектер: ине
WhatsApp Telegram

Қадіріңді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.

Ілмектер: қадір, көрші, қарыз
WhatsApp Telegram

Бас — бөріктің қалыбы.

Ілмектер: бас, бөрік
WhatsApp Telegram

Қазанға түскен
Қапқа түспейді.

Ілмектер: қазан
WhatsApp Telegram

Сыныққа — сылтау,
Кереңге — мылқау.

Ілмектер: сылтау
WhatsApp Telegram

Атыңды сат, тоныңды сат,
Жатарыңда бір тойып жат.

Ілмектер: ас, тамақ
WhatsApp Telegram

Той тоянасымен қызық.

Ілмектер: той
WhatsApp Telegram

Күншілдің күнін итке берсін.

Ілмектер: күншіл
WhatsApp Telegram

Қорықсаң — от жақ.
Қарның ашса — от жақ,
Жаурасаң — от жақ.

Ілмектер: от
WhatsApp Telegram

Қырдағы қырман
Ойдағы орман,
Күнде той, күнде думан.

Ілмектер: қонақ
WhatsApp Telegram

Аштың ойы тамағында,
Жаяудың ойы табанында.

Ілмектер: аш, ой, тамақ
WhatsApp Telegram

Қылышты қынап сақтайды,
Суды мұрап сақтайды.

Ілмектер: су
WhatsApp Telegram

Қанша қамыс жақсаң да шоғы болмас,
Қанша қара су ішсең де тоғы болмас.

Ілмектер: ас, су
WhatsApp Telegram