Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Арсыз — адамның қоры.

Ілмектер: ар, адам, қор

Арпасыз ат қыр аспас,
Жәрдемсіз алып жау жеңбес.

Ілмектер: арпа, жау, жеңу, қыр, асу

Арпа, бидай ас болар.

Ілмектер: арпа, бидай, ас

Арпа егіп, бидай оруға бола ма?

Ілмектер: арпа, егу, бидай

Арпа берген кісіден есек қашпайды.

Ілмектер: арпа, есек, кісі

Арзанның сорпасы татымас.

Ілмектер: арзан, сорпа

Арзан нәрсе жерде жатар,
Парша, жібек төрде жатар.

Ілмектер: арзан, парша, жібек, төр

Арғын аса қонды,
Шөмекей баса қонды.

Ілмектер: арғын, шөмекей

Арғымаққа оқ түссе,
Мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ түссе,
Жамандай шуламас.

Ілмектер: арғымақ, оқ, сыпайы, жаман, шулау

Арғымақ жалсыз,
Ер қалсыз.

Ілмектер: арғымақ, жал, ер, қал

Арғымақ аттың белгісі —
Аз оттар да, көп жусар.
Жақсы адамның белгісі —
Аз сөйлер де, көп тыңдар.

Ілмектер: арғымақ, ат, жақсы, адам, тыңдау

Арғымақ ат арыса да, жабы болмас.

Ілмектер: арғымақ, ат

Арғымағың жамандап,
Кәні, бұдан тапқаның.
Ағайынды жамандап,
Кәні, туған тапқаның.

Ілмектер: арғымақ, жамандау, ағайын, табу

Арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай жүрсе,
Соңғы дөңгелегі де солай жүрер.

Ілмектер: арба, дөңгелек

Арбаның алдағы дөңгелегі қайда жүрсе,
Соңғы дөңгелегі сонда жүреді.

Ілмектер: арба, дөңгелек

Арамзаның тіліне нанба,
Алтын берсе алма.

Ілмектер: арамза, тіл, нану, алтын

Арамдық кірген үйден тыныштық қашады.

Ілмектер: арам, арамдық, тыныштық

Арам молда аңқау елді алдап жер.

Ілмектер: арам, молда, ел, алдау

Арам малдың арты — азап.

Ілмектер: арам, мал, азап

Арам ас түскен іш жазылмайды.

Ілмектер: арам, ас, іш, денсаулық