Мақал-мәтелдер жинағы: қазақша мақал мәтелдер – 37-бет

Айласыз ау құрған
Құс ұстай алмайды.

Ілмектер: айла, құс, ау
WhatsApp Telegram

Айламен арыстан ұстар,
Қара күшпен тышқан да ұстай алмас.

Ілмектер: айла, арыстан, күш, тышқан
WhatsApp Telegram

Айла білген кісілер
Көзіңді байлап алдайды.

Ілмектер: айла, алдау, көз
WhatsApp Telegram

Айқай, көкірек!
Не демейді сұм жүрек.

Ілмектер: көкірек, жүрек
WhatsApp Telegram

Қыран құсты баптау қиын, тәтті тағамды сақтау қиын.

Ілмектер: Қыран құс, баптау, сақтау
WhatsApp Telegram

Сонаршыға із керек, із танырға көз керек.

Ілмектер: сонаршы, із, көз
WhatsApp Telegram

Алжыған бүркіт тышқаншыл.

Ілмектер: бүркіт, алжу
WhatsApp Telegram

Қыран құс – ер жолдасы.

Ілмектер: құс, қыран, ер, жолдас
WhatsApp Telegram

Бүркітін мақтағанның ұясын сұра, жігітін мақтағанның нағашысын сұра.

Ілмектер: нағашы, бүркіт, ұя, жігіт, мақтау
WhatsApp Telegram

Бүркіт бабына келгенде қасқыр алады, қаршыға бабына келгенде түлкі алады.

Ілмектер: бүркіт, қаршыға, бабы болу, даярлық, дайындық
WhatsApp Telegram

Бүркіт аш болса алады, тазы тоқ болса алады.

Ілмектер: бүркіт, тазы
WhatsApp Telegram

Құс тұзаққа жем үшін түседі.

Ілмектер: тұзақ, құс
WhatsApp Telegram

Саятшы бапшыл болса, бүркітке бақ.

Ілмектер: саятшы, бүркіт, баптау
WhatsApp Telegram

Алса – құсым, алмаса – желпуішім.

Ілмектер: құс, желпуіш
WhatsApp Telegram

Сыншы сырын айтпайды, бүркітші шынын айтпайды.

Ілмектер: сыншы, сыр, бүркітші, Шын
WhatsApp Telegram

Кәрі қыран – аңшының бастаушысы.

Ілмектер: қыран, аңшы, бастаушы
WhatsApp Telegram

Араны ашылған қыран не аңды алады, не аңшының өзін алады.

Ілмектер: аран, қыран, аңшы, араны ашылу, тойымсыздық, ашкөз, қомағай, тойымсыз, қанағатсыз, сараң, Шерхан Мұртаза
WhatsApp Telegram

Қыран ұясының ауызынан жем іздемес, қоян інінің аузындағы шөбін жемес.

Ілмектер: қыран, жем, қоян
WhatsApp Telegram

Жеріне қарай бұланы, тауына қарай қыраны.

Ілмектер: жер, қыран
WhatsApp Telegram

Түлкі алмас қыран жоқ, құсбегісі кезіксе, жақсы болмас жігіт жоқ, ақылшысы кездессе.

Ілмектер: қыран, Құсбегілік, жігіт, ақыл, даму, өсу, өзгеру
WhatsApp Telegram

Қырандарын қинаған – даласын да сыйламас, ұландарын қинаған – данасын да сыйламас.

Ілмектер: қыран, дала, ұлан, сыйлау, сыйластық, сый
WhatsApp Telegram

Бүркіттің сайрағаны – өлгені.

Ілмектер: бүркіт, құс туралы, Қыран құс, намыс
WhatsApp Telegram

Айдың жарығы төңірегіне түседі,
Өзіне түспейді.

Ілмектер: ай, жарық
WhatsApp Telegram

Айдаһар айға шапшиды.

Ілмектер: Айдаһар, ай
WhatsApp Telegram

Айдап сал жаққан от жанса,
Сақтықтың суын сеп.

Ілмектер: сақтық, су, от
WhatsApp Telegram

Айдап жүрген мал жақсы,
Мал жақсы емес-ау,
Арыз тыңдаған хан жақсы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Аман тұрған жан жақсы.

Ілмектер: жан, хан, мал, жақсы
WhatsApp Telegram

Айғақ өлер, кепіл төлер.

Ілмектер: айғақ, кепіл
WhatsApp Telegram

Ай, күн әлемге бірдей,
Патша адамға бірдей.

Ілмектер: ай, күн, патша, әлем
WhatsApp Telegram

Ай туғанда алдымен кішкентай көрінер.

Ілмектер: ай, кішкентай
WhatsApp Telegram

Ай толық болса,
Айдыны әлемге кетер.

Ілмектер: ай, айдын, әлем
WhatsApp Telegram