Алғаш теріп жегенде (бұрын жеп көрмеген адамға)
Ілмектер: жүзім, қышқыл
Жүзім де қышқыл көрінеді.
Алғаның жаман болса да сатылмасын.
Ілмектер: жаман
Алған қатын ақылды, ізгі болса,
Ілмектер: қатын, ақылды, ізгі, ер, ақымақ, жауыз, жұмыс
Ол еріне жан болар.
Ақымақ, жауыз болса,
Құр жұмысқа жар болар.
Алаңсыз адам асықпайды,
Ілмектер: асықпау, аман
Асықпаған аман жүреді.
«Аламыз» деген алған,
Ілмектер: жалған, алу, беру
«Береміз» деген жалған.
Алақанның аясымен күннің бетін жауып болмайды.
Ілмектер: алақан, күн, бет
Алакөздік шел басқан көз секілді.
Ілмектер: алакөздік, көз
Ала қарғада алажағың болсын.
Ілмектер: қарға, ала
Ақырын-ақырын мінсе болар тор атқа,
Ілмектер: ат, ақырын, мұрат
Ақырындап барып жетсе болар мұратқа.
Ақырын жүрсең,
Ілмектер: ақырын, алыс
Алысқа жетерсің.
Ақымақтың аты шықса,
Ілмектер: ақымақ, төбе, із
Әр төбеде бір із қалдырар.
Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді.
Ілмектер: ақымақ, ақыл, түс
Ақымақтың әңгімесін тыңдағанша,
Ілмектер: ақымақ, әңгіме, зындан
Зынданда жатқан жақсы.
«Ақымақты одан да қу, мұнда да жуытпа» деген мәтел бар.
Ілмектер: ақымақ, мәтел
Ақымақпен жараспа,
Ілмектер: ақымақ, ақылды
Ақылдыдан адаспа.
Ақымақпен дос болма.
Ілмектер: ақымақ, дос
Ақымаққа іс тапсырған
Ілмектер: ақымақ, іс, жіп, жоғалту
Жіптің ұшын жоғалтқанменен бір.
Ақымаққа қанша айтсаң, бірін ұқпас.
Ілмектер: ақымақ, ұғу
Ақымаққа күнде той.
Ілмектер: ақымақ, той
Ақымаққа айтқан сөз зайғы кетеді.
Ілмектер: ақымақ, сөз
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі