Мақал-мәтелдер жинағы: қазақша мақал мәтелдер – 89-бет

Қатынның шайпау болғаны – болмағаны,
Келіннің шайпау болғаны – оңбағаны.

Ілмектер: қатын, келін, әйел
WhatsApp Telegram

Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды.

Ілмектер: әйел, іс, ұят
WhatsApp Telegram

Әйел асқақтаса, жылайды,
Еркек асқақтаса, құлайды.

Ілмектер: әйел, еркек
WhatsApp Telegram

Жетесіз әйел ер қадірін білмес.

Ілмектер: әйел
WhatsApp Telegram

Еркек үйдің – иманы,
Әйел – үйдің жиғаны.

Ілмектер: ерке, үй, әйел
WhatsApp Telegram

Сұлу әйелдің күйеуі қарауыл.

Ілмектер: сұлу, әйел, қарауыл, күйеу
WhatsApp Telegram

Атың жаман болса, сатып құтыларсың,
Әйелің жаман болса, қайтып құтыларсың.

Ілмектер: әйел, ат
WhatsApp Telegram

Әкесінің ақшасына үйленген,
Әйелінің қадірін білмейді.

Ілмектер: әке, әйел, ақша
WhatsApp Telegram

Әйелдің ақылын жесірінде байқа,
Баланың ақылын жетімінде байқа.

Ілмектер: әйел, ақыл, жетім, бала
WhatsApp Telegram

Жақсы әйел жарының жақсылығын асырар,
Жамандағын жасырар.

Ілмектер: жақсы, әйел, жар
WhatsApp Telegram

Ерге жаққан қатын елге де жағады.

Ілмектер: ер, әйел, қатын
WhatsApp Telegram

Ақылды әйел күйеуінің ойнап айтқанын,
Ойлап талдайды.

Ілмектер: ақыл, әйел
WhatsApp Telegram

Әйелді бастан, баланы жастан.

Ілмектер: әйел, бала
WhatsApp Telegram

Инабатты болса әйел,
Өнегелі болса бала көрікті.

Ілмектер: инабат, әйел, бала, өнеге, көрік
WhatsApp Telegram

Еркек – бас, әйел – мойын.

Ілмектер: ерке, әйел
WhatsApp Telegram

Әйел — үйдің қазығы.

Ілмектер: әйел, үй
WhatsApp Telegram

Шырақ жақсаң-ақ,
Шаян шыға келеді.

Ілмектер: шырақ, парсы мақалы, шаян
WhatsApp Telegram

Теңізге інжу тасымас.

Ілмектер: теңіз, інжу, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Дар да – ағаштан,
Мінбар да ағаштан жасалады.

Ілмектер: дар, мінбар, ағаш, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Өлшемей кеспе,
Келіспей шешпе.

Ілмектер: кесу, шешу, өлшеу, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Екі күннен кейін жаңа құмыраның суы да суып кетеді.

Ілмектер: күн, құмыра, жаңа, су, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Даяшы аяшыңнан да абзал.

Ілмектер: даяшы, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Зұлым өз дуалын өзі құлатады.

Ілмектер: зұлым, дуал, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Не өзі,
Не ізі жоқ.

Ілмектер: із, жоқ, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Арқасын қаситын да тырнағы жоқ.

Ілмектер: арқа, тырнақ, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Қасқырдан қорықан қой ұстамайды.

Ілмектер: қасқыр, қой, парсы мақалы, қорқу
WhatsApp Telegram

Жын діннен безсе,
Сұм күннен безеді.

Ілмектер: жын, сұм, дін, күн, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Ағаш ат аяңдамайды.

Ілмектер: ағаш, ат, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Мұратқа жетер қорқақ жоқ.

Ілмектер: мұрат, қорқақ, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Алақанмен араластырдың,
Ал, алуаң қайда?

Ілмектер: алақан, парсы мақалы
WhatsApp Telegram