Баспай деген бай "мені жамандашы" дегенде айтқаны
Басеке, мал жануар басқа бітер,
Қына шөп секілді ол тасқа бітер.
Үйіңнен ит жаланып шықпайтұғын,
Өзіңдей жатып ішер насқа бітер.
Басеке, мал жануар басқа бітер,
Қына шөп секілді ол тасқа бітер.
Үйіңнен ит жаланып шықпайтұғын,
Өзіңдей жатып ішер насқа бітер.
Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің,
Қойға пана болмайды тал дегенің.
Жалаң аяқ, жалаң бас қой арқалап,
Хан ата, қандай екен мал дегенің?
Қатты - құттыға өтпейді қайран тісім,
Кәрілік асымды іш те тұр демейсің.
Сүйіктісін сүйірлеп кесіп жейді,
Дастарқандас табақтас болған кісің
Қатын мен бала деген дұшпан болды,
Екеуі екі жақтан қысқан болды.
Келін деген біреуі және шығып,
Біреуі іштен, біреуі тыстан болды.
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі .
Бөріге қой алдырмас ердің ері.
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,
Ала алмас ешбір нәрсе: шайтан, пері.
Бір жаста, екі жаста бесіктемін,
Бес жаста тәңірім берген несіптемін.
Алты жаста қайыңның тозындаймын,
Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын,
Жарға біткен жаңғақты
Жаннан безген жан жейді.
Қабырғадан саз кешіп,
Жүк сүйреген нар жейді.
Қона берсе, жерің азар,
Шаба берсе, елің азар.
Жасай берсе ерің азар.
Ерің азған кезінде елің азар.
Бұл өлім қайда жоқ:
Жарқыраған айда жоқ,
Күркіреген күнде жоқ.
Өтері өтіп кеткен соң,
Қазаққа пайда мынау малын бақсын,
Отқа жайып, суарып бағып - қақсын.
Ұлда бір көз, жалшыда екі көз жоқ,
Соқыр кісі мал жайып қайдан тапсын?
Алпыс бір мүшем келді мерттей болып,
Өтпедің сол мүшелден серттей болып.
Кешегі дулап жүрген ер Құлеке,
Су тиген, сөне қалдың өрттей болып.
Ұлғайып қартаяды жастан адам,
Әуелі қартаяды бастан адам.
Жеткенін кәріліктің ескермейді,
Көңілі өсіп, мейманасы асқан адам.
Кәрілік қонақ екен «жүр!» демейтін,
Мүшеңді сылып, кеміріп үндемейтін.
Бәрінен бұл шіркіннің сараңдығы -
Тобына қыз - бозбала кір демейтін.
Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқадан да жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Айта берсең таусылмас Шал кеңесі,
Мешкейдің жіліншік өтер кең өңеші.
Алдына келген асты жаудай шабар,
Басқаның болса - дағы несібесі.
Мекке менен Медине жолдың ұшы,
Иман таба алар ма барған кісі?
Ата - ананы, мейманды құрметтесең,
Меккеңнен де нұрлы ғой үйдің іші.
Арам жүрсе, жиіркенер сау кісіден,
Байды құдай атқаны -
Дәулетіне мас болар.
Ханның құдай атқаны -
Қонсысымен қас болар.
Дүние деген осы,
Жоққой мәнгі досы.
Егнр болса досы,
Әкемнің құламас еді-ау қосы.
Жиырмаға жеткен қыз кәрі болар,
Өңі кетіп шырайы сары болар.
Ер елуге жетсе де айыбы жоқ,
Әр уақытта біреудің жары болар.
Құр мен дуадақ шөлді біледі,
Қарға мен қүзғын елді біледі.
Ұятсызға бас пенен жамбас қойсаң,
Қорқау қасқыр секілді жеуді біледі.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі