Бірдей емес барлық бейне
Бірдей емес барлық бейне, мүсін де,
Бірдей емес екі қолда күшің де.
Бірдей емес бір сәттегі қозғалыс,
Бірдей емес бір сәттегі ісің де.
Бірдей емес барлық бейне, мүсін де,
Бірдей емес екі қолда күшің де.
Бірдей емес бір сәттегі қозғалыс,
Бірдей емес бір сәттегі ісің де.
Арудай ақ жамылып дала жатыр,
Ай сырғып айдынынан бара жатыр.
Көлбеңдеп көз алдыма көп көлеңке,
Бірде алыс, бірде жақын салады асыр.
Сұрақ еді жанымды мазалаған,
Жауабыңа қанықтым назалы адам.
Бір жаманның өлердей ұяты үшін,
Жан екенсің өзіңді жазалаған,
Жан қадірін білдірмеген жастық-ай,
Ар қадірін білдірмеген мастық-ай.
Адамдардың, мынау қысқа ғұмырда,
Өзіне-өзі жасап жүрген қастығы-ай.
Балам-ау, неткен бақытты, нұрлы заманың,
Шаттыққа толы жанарың, құтты қадамың.
Мекенің мынау, мектебің анау – бәрі сай,
Гүлі боп өсіп келесің Отан-ананың.
Көңілім қойды ғой бір жайланбастан,
Қарайды-ау жүрегім де майланбастан.
Қаңқылдап қарашада қайтқан қаздай,
Барады күндер өтіп қайран бастан.
Заман түзу, заң түзу, жарасымды бәрі де,
Түзу бірақ жүрмейтін адамдар бар әлі де.
Біреулері біреуді құлатуға құмартса,
Құлағанды біреуі итереді әріге.
«Қармағыма түс, демен, алтын балық»,
Түссе болды ақ сазан жарқыл қағып.
Қарашығым қадалып, қалытқының,
Күні бойы отырмын қалпын бағып.
О, Алыпсоқ, білесің бе, қалды қанша ғұмырың,
Мойынында темір шынжыр, түні бойы ұлыдың.
Тұнып тұрған тыныштықтың тереңінен сыр тартып,
Мен де отырмын, тозса дағы, «тозбады, деп, жұлыным».
Өзімді өзім ұқпадым,
Діттеген жерден шықпадым.
Құлаштар кезде құлшына,
Құлдилап құзға ықтадым
Жақсылығың – жаныңның жапырағы,
Желексіз бақ не жеміс татырады?
Жақсылығы ешкімге жоқ адамдар,
Күн батырып, қалай таң атырады?
Шаршаттым білем, шақырусыз келген қонақтай,
Қабағың шытпа, жіберсең, жібер, жолатпай.
Басымды мен де иілмес жерде иіппін,
Жігіттік қайда, жігіттік қайда болаттай?
Өртеді-ау өлеңдерің өзегімді,
Дат, құрбым, берші менің кезегімді.
Кептелген көмейіңе сөз атымын,
Жүрегім айтпасаң да сезе білді.
Шалқысаң – бірге шалқыдым,
Балқысаң – бірге балқыдым.
Біреуге сәуем тимесе,
Тиген жоқ жанға салқыным.
Айналдым, ата мекенім,
Жыл құсы саған екенмін.
Қанатым талып жетемін,
Қия алмай қайта кетемін.
Ақандай сері жоқ па ән салатұғын,
Ат жоқ па Құлагердей шабатұғын.
Құлагер десе қысып тақымымды,
Әнінен болдым ауру табатұғын.
Көбесі жердің сөгіліп,
Жырадан жылға тараған.
Тамыры талдың көрініп,
Өріліп түсіп жағадан.
Алаңдайды көңілім, алаңдайды,
Елде қалған еңкейген анам жайлы.
Бұғанасы қатпаған балам жайлы,
Әлде қандай күйде деп қорыққан кезде,
Тілек бар саған айтар, Жаңа жылым,
Жаңа жыл белесінде жаңа жырым.
Аспандап енді-енді барады үнім,
Айтпастан саған бүгін тілектерін,
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі