Бақ мөлшері – бармақтай
Бұл фәниден қайтпаған қай пенденің меселі,
Шашымнан көп санасам шырмап алған кеселі.
Бақ мөлшері – бармақтай, Тәңірі кімге жеткізер,
Соры бар жұрт қаншама маңдайында бес елі.
Бұл фәниден қайтпаған қай пенденің меселі,
Шашымнан көп санасам шырмап алған кеселі.
Бақ мөлшері – бармақтай, Тәңірі кімге жеткізер,
Соры бар жұрт қаншама маңдайында бес елі.
Қара судан қаймақ алып, қамын ойлап құрсақтың,
Күнненкүнге асып түсті бір сатқыннан бір сатқын.
Сауысқандай жанжағыма жалтақтаймын – тым сақпын,
Күштілерге – дәрменсізбін, тістілерге – жұмсақпын.
Сырын бермес сұм жалғанда шынайы жоқ достасқан,
Тірі жәндік тыным алмас бірбірімен қастасқан.
Адам менен аң қылығы тіл табыспай тұрмайды,
Оянғанда жыртқыш сезім хайуандықпен астасқан.
Ей, тізгінсіз арпалысқан дүлей, мылқау, тасқындар,
Шырт ұйқыдан шошынғандай қайда тулап қаштыңдар?
Мөңкігенмен, жөңкігенмен барар жерің белгілі,
Байқасаңшы, байғұстарау, жұтып қояр аш құмдар.
Ей, көңілім, қайғырма ағып өткен айжылға,
Қашан мұрттай ұшқанша табаныңды тайдырма.
Алма мойын алдында дайын тұрса иіліп,
Қылыш тисе қолына бас алады маймыл да.
Ұлар шулап үрейленсе, ұлы таудан аң қашар,
Ін түбінен індет шықса, іргесіне жалғасар.
Кер заманда бағыланның борсық сорып құйрығын,
Кер сиырдың емшегіне сұр кесіртке жармасар.
Төрт түлігім дін аман, сау тұрғанда,
Тіске басар талшығым таусылған ба?
Төлдерімді сақтай гөр, киелі ата,
Топалаңнан, түйнектен, аусылдан да.
Тірлігімді талатпаққа екі өкпесін зар қысқан,
Босағама қабаған ит байлап кетті сан дұшпан.
Сыртқа шықсам алдарқатып сүйексаяқ тастаймын,
Мысық пенен тышқандаймыз күндізтүні аңдысқан.
Бар қазаққа жөн сілтейтін болмасам да ұлы Абай,
Андасанда шолтаң қағып, сөйлеп қоям шыдамай.
Үрей толы сұрқай тірлік басқан сайын аяқты,
Шошытады қарақшы мен ұры бұққан жырадай.
Шақырған сауыққа да, сайранға да,
Дүние неге теріс айналды, аға?!
Әкенің қасиетін біле бермес
Шешенің уызына тойған бала.
Сиқыңнан шошыр тірі адам,
Кім сенен залал күтпеді?
Пәтшағар, шындап сұранам,
Бар болсаң егер, шық бері!
Мейірімге жарытқанда жаратушы аз ғана,
Малта тасқа қына бітіп, шаш шығады тазға да.
Қыр желкеге қырсық мінер ел ішінде көбейсе
Телмеңдеген кәрі шал мен өңмеңдеген бозбала.
Ғазал жазып күңіренгенмен мен емеспін Науаиы,
Бұл қазаққа қысылғанда қара өлең ғой оңайы.
Ел қыдырған есекдәме енді уызға жарытпас,
Беріш емшек бедеу сөздің келгенменен нобайы.
Күміс тиын жылтыраса арасынан қоқырдың,
Екі көзі шамдай жанар сығырайған соқырдың.
Арпалысқан ессіз тобыр елең етіп еңкеймес,
Алтын басың домаланса астында ойрантопырдың.
Залалы жоқ иненің жасуындай,
Заман қайда тауымның асуындай?
Суыртпақтап сұрасаң тарқатайын,
Жасырып ем сырымды жасырудай.
Қайсы арманның түбіне ғұмыр жеткен,
Артта қалды күндерім дүбірлеткен.
Күреңдеймін, байқасам, көп шабылып,
Қырқажонды, белбелес, күдірді өткен,
Ұясынан ұшқанынша жан тынбас,
Рахатың бейнетіңнен артылмас.
Қыр соңымнан қалар емес туғалы
Шұбар жылан күміс құйрық, алтын бас.
Мен тұрмын шулы қала ішінде,
Түк көрмеген, түк сезбеген пішінде.
Жасырғаным – таңдайымның астында,
Талшық қылған тарамысым – тісімде.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі