Абылай қойған ат қандай?
Сеңді бұзып жатқандай,
Жауды жайпай шапқанда-ай,
Қабанбайға сүйсіне,
Абылай қойған ат қандай?...
Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Арасанбай Естенов өлеңдері ілмегіндегі өлеңдердің 8-беті.
Сеңді бұзып жатқандай,
Жауды жайпай шапқанда-ай,
Қабанбайға сүйсіне,
Абылай қойған ат қандай?...
Ақтарып тарихтың қазнасын,
“Білімнің құдығын қазғасын”,
Айтшы сен, тоқталмай бізге енді,
Кім жазды Бехистун жазбасын?...
Ортақ барлық елдегі,
Қолбасшылық шендегі
Ең жоғарғы атақты
Кім айтады?...
Жеңіс қана тілері,
Қазақстан түлегі,
Батыры Отан соғыстың
Рахимов кім еді?...
Болғаннан таза ауа, жарық күн,
Атасы атанған тарихтың,
Зерттеуші ғұлама есімін
Аташы, сен көзі қарықтым....
Ғазнауи – әулет біртұтас,
Ғазнауи – ел мызғымас.
Ғазна – орталық, бас қала,
Ғазнауилік астана....
Көкейіңе қонатын,
Ерліктерге тола тым,
Бауыржан жайлы кітаптың
Айтып жібер, бол атын...
Өзі – әйгілі сұлуың,
Өзі – аспап әуенді.
Міндетті оны білуің,
Айтып жібер ал енді,...
Сығанақты салдырған,
Артына мұра қалдырған,
Соңғы ханын Орданың
Атай қойшы, балдырған....
Ерлігі аңыз, ғажап тым.
Өтінде қалып тозақтың,
Үш рет шыққан қоршаудан
Біртуар ұлы қазақтың....
Құралайды көзге атқан,
Бір атқанда жүз атқан.
Қағып түскен бір оқпен
Жау атқышын дзоттан,...
Шежіре тартсаң, арыдан,
Зерделей зерттеп, жалықпа.
“Ханым” деп елі таныған
Әбілқайыр нешеу тарихта?...
Қиын сұрақ демеңдер,
Емес ол да жат адам.
Тәуке ханды кемеңгер
Халқы қалай атаған?...
Соқтырып ақтық сағатын,
Шарыштың* басын шабатын
Айтып жібер ал, қане,
Ә-ден бастау алатын...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі