Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (62)

Айтатын саған, арманым менің көп еді

Айтатын саған, арманым менің көп еді,
Тағдыр-ай, тағдыр, тілімді кесті, бөгеді.
Сарғайып барам, көңілім жасыл көк еді,
Көктемім болсаң, нөсерің қашан төгеді?

Толық

Есіл-дертім өзіңе құлауменен

Есіл-дертім өзіңе құлауменен,
Бір сен деген бағымды сынауменен.
Сезім деген шырмалып бұғауменен,
Қырық тесік көңілімді құрауменен.

Толық

Қолымнан менің келсе егер

Қолымнан менің келсе егер,
Құс қанат тұлпар алдырып.
Күмістен ерді салдырып,
Күндіз-түн жортып талдырып.

Толық

Қостөбе қос жүректің куәсі еді

Жері осы Жамбылдағы Қостөбенің,
Жандарын оның барлық дос көремін.
Жасымда бір қызына ғашық болып,
Қайтейін, тоса алмады тос деп едім.

Толық

Таластың ару еркесі

Аққудай сызылтып бір ән салдың да,
Қайыңдай тербетілдің қарсы алдымда.
Жалындай ыстық демің бетті шарпып,
Жаутаңдап тұра бердім тамсандым да.

Толық

Жетінші түйсік

Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, бала қаз,
Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз.
Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл жұптасқан,
Өз теңін тапқан соң ғана адымын олар нық басқан.

Толық

Махаббат оты

Ол сезім барған сайын өседі екен,
Мен оны жан тәніммен сүйіп қалдым.
Жүрекке түрлі ойлар түседі екен,
Махаббаттың отына күйіп қалдым.

Толық

Ғашық болдым

Ғашық болдым жанарына көзіңнің,
Сұлулығын сезінемін сөзіңнің.
Сылдыр үнің өн бойымды тербейді,
Күндіз түні ойлайтыным өзіңсің.

Толық

Ғашығым

Сен менің бойымдасың, ойымдасың,
Ойланамын жүрегім ойылғасын.
Оранып ап, түңіліп отырамын,
Қызыл ет ортасынан сойылғасын.

Толық

Ғашық болдым қараның сұлуына

Ғашық болдым қараның сұлуына,
Жол бермеймін сезімнің сууына.
Құшағын құшағыммен қысқан сәтте,
Бөлендім нәзік, тәтті жылуына.

Толық

Махаббат

Көрмейсің бе мендегі кереметті,
Көздерің жүрегімді бекем етті.
Ерініңді көргенде еліктірген,
Екі жақа жүрегім еріп кетті.

Толық

Әмір жүрмес жүрекке сені сүймес

Қызық емес сүйдің не, сүймедің не,
Сезім отқа күйдің не, күймедің не.
Әмір жүрмес жүрекке сені сүймес,
Осы сөзден түйдің бе, түймедің бе?

Толық

Қайдасың

Сұлуым іздеп жүрген қайдасың,
Мүмкін жер, мүмкін аспан айдасың?
Таба алмай дала кезіп жүргенде,
Жүрмесін көріп басқа пайдасын.

Толық

Махаббат туралы

Сұлу өлке әсем ауыл баурайында,
Тал бойында бір міні жоқ қыз бар екен.
Жүрегіңді көздеріммен баурайын да,
Ғашық болған жан жүрегім сыздар мекен.

Толық

Жанымда жүрші....

Жанымда жүрші, жігерімді құлатпа,
Жырым боп еніп, жадымда менің тұрақта.
Күйкі тірліктен көңіл түскенде құлазып,
Ештеңе деме, жай ғана мені құшақта!

Толық

Махаббатым

Көздеріме қарап тұрып күлімдейсің,
Жүрегімді бір жылытып күнім дейсің.
Жүрегімді жүзіңмен тербедің сен,
Жаным менің сылдырлаған үнімдейсің.

Толық

Мен бір жанды сүйіп қалдым, ол басқаны

Мен бір жанды сүйіп қалдым, ол басқаны,
Ауыр тиді құшағына жармасқаны.
Кеудедегі жүркке қиын екен,
Махаббаттың осылайша жалғасқаны.

Толық

Маскүнем

Дәмін татыпқандай сағына,
Түсті, қарасы ағына.
Мәселе шарапта емес,
Жүрегім қалауы жағына.

Толық

Сенің бейнең

Кереметқой ғажапқой бейнең сенің,
Мың сұлудың арасыннан көрген менің.
Мен үшін сұлу болып қала бердің,
Көрмеп едім бұндай бейне бұған дейін.

Толық

Сені ойлау ғажап сезім мың түрлі

Сені ойлау ғажап сезім мың түрлі –
Сипағандай таңғы нұрдың білтесін,
Ауаға гүлдер еккендей түр-түрлі,
Сәби жамылғандай жылы көрпесін...

Толық