Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (61)

Өткелдер

Көзімді ашып,шыр етіп келдім өмірге,
Ғұмырлық қуат маңдайға Күннен төгілген
Бауырға басып жап-жарық әлем құшқанда,
Бақыттың дәмі Ана сүтінен білінген.

Толық

Ақынға

Өмір солай…
Жан солай…
Жүрек сондай…
Қалай ғана жүреміз құлақ салмай.

Толық

Уақыт

Жүрген едік шалқып,
Әр күндерді нәр ғып,
Аяңдашы озбай,
Сәл кідірші уақыт.

Толық

Бақыттың құсы еркелеп ұшса қонбастан

Бақыттың құсы еркелеп ұшса қонбастан,
Еш уайымдамай, өмірге нала салмастан,
Өмірдің нәрін сусындап жүрсең тоймастан,
Қуалап келер артыңнан бағың қоймастан.

Толық

Сені мүлде ұмытуға бекіндім

Сені мүлде ұмытуға бекіндім,
жүрегімнен кетпей қойдың бірақ та,
сырқатымнан әдет қалған секілді,
жазылсам да асқынатын тұрақтап.

Толық

Өмір

Өмір - сені ешкімге бермес едім.
Көрмесем күндеріңді сенбес едім.
Бар демменен айта алам - Бақыттымын!
Сүймесем бұл әлемге келмес едім.

Толық

Ақ-әдемім

Жүрегімді ауыртып Аға дедің,
Айырылды сол сәтте қақ әлемім.
Қимасам да амал жоқ қиналсам да,
Қарындас - деп айтқыздың ақ-әдемім.

Толық

Қыс керуен қойнауына ауғанда

Қыс керуен қойнауына ауғанда,
Құс жолынан ақпа-жұлдыз жауғанда,
Алқа баудай тізбектелген шоғырдан,
Алтыбақан әткеншегін салғанда.

Толық

көктем

Бұл көктемім жетегінде салқын желін ала келді,
Қар кеткенмен сызы ерімей жүрегімде қала берді.
Түн ұйқымнан оянатын болдым жиі қара терде
Сездіргендей жаурағанын алтынымның (бауырымның) қара жерде.

Толық

жолда

Бұлтын түнгі аспанның үзіп-үзіп,
құстай көшкен күздегі қатар тізіп,
бара жатыр қалыспай бір-бірінен,
көкжиекке қайықтай баяу жүзіп.

Толық

Бесқонақ

Ақ түтек боран, көрінбей жолың бес аттам,
Дала да, жер де ақ қарға қанды беспаттам.
Сәуірдің осы тосынсыйына таң қалдым,
Босанған кезде кешегі қыс күн қыспақтан.

Толық

Бізден қалған махаббат

Өзгермепсің, со баяғы, қыз қалпың.
Көріп қалам күніге.
Жындымын ия?! Неге өзіңді қызғандым?
Ұзақ қарап түріңе.

Толық

Қайың мен Шайыр

Себелегі себелеген кешелі,
Көк те, Жер де тынымсыз.
Құнсызданған судан балшық бес елі,
Тамыз бауы тұр үнсіз.

Толық

Сағыныш

Сағынудан да,
Зарығудан да,
Самалы салқын жағалаудан да,
Шаршадым.

Толық

Тәтті ұйқы

Бәлкім маған сыйлаған сыйы бұ да? -
Көкте құдай күліп тұр миығынан.
Кірпігімді қытықтап, еркелетті,
Күн сәулесі көзімнің қиығынан.

Толық

Қарағай мен Қайың

Жапан түз,
Жазыңқы бел,
Жансыз дала.
Жалғыз төбе өркештей тұрған дара,

Толық

Сен тұрдың түн көйлекпен.

Сен тұрдың кербезденіп, түн көйлекпен -
Мен бозбала балғын шақ - сен бойжеткен.
Есіңде ме, солбір түн дәл біздерге,
Шегірткелер сырнаймен жыр әндеткен?

Толық

Келер күннің, күткен алда өзіңсіз

Келер күннің, күткен алда өзіңсіз,
Бітпей қалған туындыдай құны бар.
Сен, - деп соққан жүрегім де керексіз,
Кетеріңде тамырымен жұлып ал.

Толық

Күз бен Сіз

Сенбесең - сенбе, өзің біл!
Сағына күткен күзім бұл.
Өзіңді қайдам, өзіме
Сыйлайды ғажап сезім бір.

Толық

Досқа сыр

Көңілің мұңға жаншылып,
Жүрекке уайым шаншылып,
Өкпелі жауын жаудырып,
Тобықтан тұрсаң малшынып.

Толық