Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (3) Өлеңдер (16) Мақал-мәтелдер (103) Ұлағатты сөздер (18) Әзіл, анекдоттар (1)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"ағайын" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"ағайын" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ағайын" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ағайынның алтын сарайынан
Ананың жыртық лашығы артық.

Ілмектер: ана, ағайын, алтын, сарай, лашық, мақал, Мақал-мәтел
WhatsApp Telegram

Бар ағайын асырай алмайды,
Жоқ ағайын көре алмайды.

Ілмектер: ағайын, көре алмаушылық
WhatsApp Telegram

Арғымағың жамандап,
Кәні, бұдан тапқаның.
Ағайынды жамандап,
Кәні, туған тапқаның.

Ілмектер: арғымақ, жамандау, ағайын, табу
WhatsApp Telegram

Ағайынның ұрысы — торқаның жыртысы.

Ілмектер: ағайын, ұрыс
WhatsApp Telegram

Ағайынды қарындас, жең үшінен жалғасыңдар.

Ілмектер: ағайын, қарындас, туыс
WhatsApp Telegram

Ағайынды алқалап құрмет көрсет.

Ілмектер: ағайын, құрмет
WhatsApp Telegram

Ағайынға қадірің болмас,
Күнде бетіңді көреді.
Әйелге қадірің болмас,
Етіңді көреді.

Ілмектер: ағайын, туыс, әйел, қадір
WhatsApp Telegram

«Ағайын!» десе, аң қарадық,
«Қайын» десе, тез қарадық.

Ілмектер: ағайын, туыс, қайын жұрт, қайын
WhatsApp Telegram

Ағайын ащы, мал тұщы.

Ілмектер: ағайын, мал, ащы, тұщы
WhatsApp Telegram

Ағайын алыста болса, кісінесер,
Жақында болса, тістесер.

Ілмектер: ағайын, туыс, жақын
WhatsApp Telegram

Ағайын бар болсаң, көре алмайды,
Жоқ болсаң, бере алмайды.

Ілмектер: ағайын, көре алмаушылық
WhatsApp Telegram

Ағайын-туған кімде жоқ,
Сыйласпа, жаттай жоқ.

Ілмектер: ағайын, туыс, сыйласу, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Ауруын жасырған өледі.
Ағайынын жасырған бүлінеді.

Ілмектер: ауру, ағайын, жасыру, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Ағайынды болсаң да,
Ажалды екеніңді ұмытпа.

Ілмектер: ажал, ағайын, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Төске айылдың батқанын
Иесі білмес, аты білер;
Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмес, жат білер.

Ілмектер: ағайын, ер, жігіт, қадір
WhatsApp Telegram

Ағайынға қадірім жоқ бетімді көреді,
Қатыныма қадірім жоқ етімді көреді.

Ілмектер: ағайын, қадір, бет, қатын
WhatsApp Telegram

Бар болсаң ағайының көре алмайды,
Жоқ болсаң "мә, саған" деп бере алмайды.

Ілмектер: ағайын, көре алмаушылық
WhatsApp Telegram

Артқы айылдың басқанын иесі білмес, ат білер,
Ағайынның азғанын жақын білмес, жат білер.

Ілмектер: ағайын, ат, азғындық, жат
WhatsApp Telegram

Ағайын - ащы,
Мал -тұщы.

Ілмектер: ағайын, мал, ащы, тұщы
WhatsApp Telegram

Арғымақты жамандап, кәні, тұлпар тапқаның,
Ағайынды жамандап, кәні, туған тапқаның.

Ілмектер: ағайын, туған, туыс, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram