Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (271) Өлеңдер (187) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (260) Ұлағатты сөздер (203) Әзіл, анекдоттар (17)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"бала" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"бала" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "бала" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Келіннің сөзі кетпендей,
Баланың сөзі батпандай.

Ілмектер: келін, бала, сөз
WhatsApp Telegram

Қыз «қуыршақ» дейді,
Бала «құлыншақ» дейді.

Ілмектер: қыз, бала
WhatsApp Telegram

Жақсы бала қонаққа үйір,
Жақсы тай атқа үйір.

Ілмектер: жақсы, бала, қонақ
WhatsApp Telegram

Боранды күні бала құтырар,
Желді күні ит құтырар.

Ілмектер: боран, ит, бала
WhatsApp Telegram

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

Ілмектер: ұрлық, бала, үй
WhatsApp Telegram

Мал балада қалды,
Бай далада қалды.

Ілмектер: мал, бала, дала, бай
WhatsApp Telegram

Қазанға тиме, қарасы жұғар,
Балаға тиме, бәлесі жұғар.

Ілмектер: қазан, бала, бәле
WhatsApp Telegram

Болатын елдің баласы
Бірін бірі:
«Батыр!»дер.
Болмайтын елдің баласы
Бірін бірі:
«Қатын!» дер.

Ілмектер: бала, ел, батыр, қатын
WhatsApp Telegram

Балалы үйрек көлден кетпес,
Балалы жесір елден кетпес.

Ілмектер: бала, жесір, ел
WhatsApp Telegram

Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал
Алдынан шығып атын ұстар.

Ілмектер: бала, ат, шал
WhatsApp Telegram

Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.

Ілмектер: жылау, бала, көз
WhatsApp Telegram

Ат болатын құлынның,
Бауыры жазық келер,
Адам болатын баланың,
Маңдайы жазық келер.

Ілмектер: төрт түлік мал, адам, бала
WhatsApp Telegram

Итпен ойнасаң — үрерсің,
Баламен ойнасаң — күлерсің.

Ілмектер: ит, ойын, бала, күлкі
WhatsApp Telegram

Бала күлкіге тоймас,
Болбыр ұйқыға тоймас.

Ілмектер: бала, ұйқы, күлкі
WhatsApp Telegram

Балалы үй — базар,
Баласыз үй — қу мазар.

Ілмектер: бала, үй, базар, мазар
WhatsApp Telegram

Тісі шыққан балаға,
Шайнап берген ас болмас.

Ілмектер: тіс, ас, бала
WhatsApp Telegram

Жыламаған балаға,
Емшек бермейді.

Ілмектер: жылау, бала
WhatsApp Telegram

Жас бала құстың көлеңкесіне де тоңады.

Ілмектер: жас, бала, құс
WhatsApp Telegram

Бала анаға аян,
Атаға күмән.

Ілмектер: бала, ана, ата
WhatsApp Telegram

Баласынан айрылған әке
Таяғына сүйенер.

Ілмектер: бала, әке, таяқ
WhatsApp Telegram