Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (98) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (21)

Бір адамды бақытты етіп, жүзіне - мұң көлеңкесін, жанына - қайғы ізін түсірмеу әркімнің қолынан келеді.

Ілмектер: бақыт, қайғы, адам, мұң Сағатхан Әшімбаев

Мұңды жеңуден мыңды жеңу жеңіл.

Ілмектер: мұң, жеңу Қадыр Мырза Әли

Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.

Ілмектер: қазақ, ел, мұң, сын, тіршілік Ғабит Мүсірепов

Ай айнасын бұлт басса, жан айнасын мұң басқан.

Ілмектер: мұң, жан Асқар Сүлейменов

Бүлдіруші бар жерде мұң да бар.

Ілмектер: мұң, нақыл, афоризм Тоныкөк

Қара арғымақ арыса — қарға адым жер мұң болар,
Есіл көзден нұр тайса — бір көруге зар болар.

Ілмектер: мұң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, көз, нұр, зар Бұқар жырау

Мінген атың арыса — қатарға ену күн болар,
Қара көзден нұр тайса — қарға адым жер мұң болар.

Ілмектер: ат, қарға, нұр, көз, мұң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.

Ілмектер: Мұң, көңіл, кір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Құмарлықтан артық от, ашудан артық бейнет, алдаудан өткен мұң, құштарлықтан артық телегей-теңiз жоқ.

Ілмектер: құмарлық, ашу, бейнет, алдау, мұң, құштарлық, артық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Адамға ұлы, ерекше нәрсенi телуiң мұң екен — оны ұсқынсыз етесiң, ал өзiңе телiгенiң — өлгенiң.

Ілмектер: ұлы, ерекше, мұң, ұсқынсыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Тіршілік дегеніміз аңсар. Аңсар қанағаттанбаса қайғы-мұң туылады. Аңсар қанағаттанса зерігу-жалығу туылады. Өмір қайғы мен зерігудің арасында тынымсыз тербелген маятникке ұқсайды. Шаттық дегеніміз қайғыдан зерігуге, не зерігуден қайғыға ауысып бара жатқандағы уақыттық қасқағым сәт қана.

Ілмектер: тіршілік, аңсар, қайғы, мұң, өмір, шаттық, уақыт, сәт, зерігу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Қай жерде болсын халықтың мұң-мұқтажына құлақ аспаған адам ол азамат емес. Ол халқының бірінші жауы!

Ілмектер: халық, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мұң, мұқтаж Ғабит Мүсірепов

Молшылықта заттың аздығы емес, тез бүлінетіндігі мұңға айналады.

Ілмектер: молшылық, мұң, зат, аз, бүліну Жан Бодрийяр

Жайлы орындықтың жалғыз мұңы — ешқашан жападан жалғыз қалып қоймау, сол сияқты ешкіммен бетпе-бет те келіп қалмау.

Ілмектер: мұң, жалғыздық Жан Бодрийяр

Егер қуаныштың сыртынан мұң сығалап тұрмаған болса, онда оның бойында тексіздіктің басым болғандығы жəне шын мəнінде көз тартарлық ештеңенің болмағандығы.

Ілмектер: қуаныш, мұң, тексіз Роберт Вальзер

Ажалдың мұңға орар мінезіннен адамның мұңға деген қажеттілігі сезіледі.

Ілмектер: ажал, мінез, мұң, қажеттілік Жорж Батай

Шын іздеген еді — мұндар мұңға жолықты.

Ілмектер: мұң Жорж Батай

Мұңнан қашқан адам асып-сасқан жексұрынға айналады.

Ілмектер: мұң, жексұрын Жорж Батай

Тəжірибе — адамның болмыс туралы білетінінің бəріне жанып-күйіп тұрып һəм əлдебір мұңмен күдік келтіру.

Ілмектер: Тəжірибе, мұң Жорж Батай

Кімде-кім қасіретпен некелескен болса, ол оған мұң да, есірік те, таңданыс та сыйлай алады.

Ілмектер: қасірет, мұң Жорж Батай