Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (2413)

Қанатты сөздер — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "қанатты сөздер" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Өмір адамға беретін мүмкіндіктер, салыстырмалы түрде алғанда, өте шамалы.

Ілмектер: Өмір, адам, мүмкіндік, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Біз өз жақын-жұрағаттарымыздың əрқайсына жау көргендей сезікпен қараймыз да, жаппай қорқып-үрке бастаймыз.

Ілмектер: туыс, жау, сезік, қорқу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Əбден жалықтырған ақиқаттардан құтылудың сенімді тəсілі – əдеттегідей құрмет көрсету мен бас шұлғудан арылып, олармен тым жеңіл қарым-қатынас жасауға көшу, тіпті өте өзімсінгендік пен жек көрушілік салқынын сəл сездіріңкіреп сөйлесе бастау.

Ілмектер: тəсіл, құтылу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақиқат, жек көрушілік Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Оңалмастай бақытсыз болу – өте ұят!

Ілмектер: ұят, бақытсыз, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Əсіресе, еретиктердің тым ұсақ нəрселерде ерекше табандылық көрсетуі жұрттың өзгеше ашу-ыза тудыратын еді.

Ілмектер: табандылық, ашу, ыза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Қазақтың бас адамдары, әуелi сiздер адаспаңыздар, адаспас үшiн ақылдасып, ойласып, ынтымақпен iс iстеңдер!

Ілмектер: қазақ, адам, адасу, ынтымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Білімді, көп оқитын адамдар мынаны білгені жөн: əдебиет – бір басқа да, өмір – бір басқа.

Ілмектер: əдебиет, білім, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Басқа халықтардың өмір жолы басқа елдердегі жəне басқа уақыттардағы өмір – біздің мəңгілік деп жүрген идеяларымыздың бар болғаны өз мəңгілік жаңылысуларымыз ғана екенін түсінуге үйретеді.

Ілмектер: халық, өмір, идея, мәңгілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Адамның жыртқышы жыртқыштан да қауіпті.

Ілмектер: нақыл, афоризм, адам, жыртқыш, қанатты сөздер, нақыл сөздер Рабиндранат Тагор
WhatsApp Telegram

Ең бастысы — мүмкіндікті жіберіп алмау. Егер сізге оны берсе, сіз толығымен кіріп, ва-банкке барып, келесіде не болатынын көруіңіз керек.

Ілмектер: мүмкіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Айсұлтан Сейітов
WhatsApp Telegram

Махаббатқа жетпейді өлең-жырдың өресі, махаббаттың өзі ғой өлеңдердің төресі.

Ілмектер: махаббат, махаббат туралы нақыл сөздер, афоризмдер, қазақша, қанатты сөздер Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Теңіздің де тілі бар.

Ілмектер: теңіз, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Немістердің көпшілік қолды рəмізі — əскер болатын: бірақ ол əскерден əлдеқайда артық-тын — марштағы орман десе де болатын еді.

Ілмектер: рәміз, әскер, марш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Көпшілік қалай тез жиналса, солай тез тарайды.

Ілмектер: Көпшілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Көпшілік ешқашан қанағаттанбайды — бұл оның басты белгісі.

Ілмектер: көпшілік, қанағат, афоризм, қанатты сөздер, нақыл, қанағаттанбаушылық Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Көпшілік тығыздыққа құмар, көпшілік бағыт-бағдар бергенді қалайды.

Ілмектер: Көпшілік, тығыздық, құмар, бағыт-бағдар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Көпшілік қорыққан кезде қатты ұйысып, бірігуге ұмтылады.

Ілмектер: Көпшілік, қорқыныш, қорқу, бірігу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Адамдар қызу қанды əрі албырт келеді: анаған да, мынаған да ұмтылуға құмар, өзіне-өзі кумир жасап алады да, соның шашбауын көтеріп дедектейді де жүреді жəне басқа дүниенің бəрін ұмытып, тек соған деген құштарлықпен күйіп-жанады.

Ілмектер: қызу қандылық, құмарлық, құштарлық, кумир, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Адамдар бұйрықтың ырқына көнген кезде оның қаншалықты қауіпті екенін онша терең сезіне бермейді: бұйрыққа қарсы шығып, оның билігінің бұйдасын үзуге ерлік керек.

Ілмектер: бұйрық, қауіп, билік, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram