Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2885)

Əйелдің күші — өз қалпынан айнымайтындығында.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Егер ақиқаттар əлемінде бəрін дерек шешетін болса, деректер əлемінде бəрін табыс шешеді.

Ілмектер: ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, табыс, дерек Освальд Шпенглер

Египеттіктер жойылып кету дегенді жоққа шығарады. Антика адамдары оны өз мəдениеттеріне тəн түр біткеннің бəрінің тілінде дəлелдеп баққан.

Ілмектер: тіл, мәдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Адам — ойлауға қабілетті болмыс болғанның өзінде де, бəрібір бар тіршілігі тек қана ойлаудан тұратын болмыс болудан айтарлықтай алыста тұр.

Ілмектер: адам, болмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Сұрақ қою мен оған жауап алатындығына сенімділіктің арасында айырма ұшан-теңіз.

Ілмектер: сұрақ, сенімділік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Этнография біткеннің даңқұмарлығының жемісі — нəсілдерді бөлшектеу мүмкін емес.

Ілмектер: Этнография, даңқұмарлық, нәсіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Жануарлар əрбір қауіп-қатерден жеке-жеке үркеді, ал ежелгі адамдар бүкіл əлем төндірген қауіп-қатердің қорқынышын көтере алмай дірілдеген.

Ілмектер: жануар, адам, қауіп, қатер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлем, қорқыныш Освальд Шпенглер

Өмір сүру дегеніміз — ішкі мүмкіндіктерді жүзеге асыру.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Өмір ұлы атану үшін аса қатігез болуы керек.

Ілмектер: өмір, қатігез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Өмір ойлаусыз-ақ тіршілігін жалғастыра береді: ойлау — өмір сүрудің бір түрі ғана.

Ілмектер: өмір, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Діни өсиеттерге сəйкес өмір сүру дегеніміз — тоқтаусыз құрбандықтар шалу тізбесі.

Ілмектер: дін, өсиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құрбандық Освальд Шпенглер

Ұрық пен ажал тəн тіршілігінің кеңістіктегі орнын шектейді: ұрық — күнə, ал ажал — жаза рөлін атқарады.

Ілмектер: ұрық, жаза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ажал Освальд Шпенглер

Білім дегеніміз — діннің ең соңғы нұсқаларының бірі ғана.

Ілмектер: білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дін, нұсқа Освальд Шпенглер

Толық ақыл тым сирек ұшырасады.

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Мəңгілік нəрсе ғана — ақиқат.

Ілмектер: Мəңгілік, ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Ақиқат — абсолютті əрі мəңгілік: яғни, оның өмірге ешбір қатысы жоқ.

Ілмектер: Ақиқат, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Мəңгілік Освальд Шпенглер

Шын достар — бір-бірін артық сөзсіз-ақ түсінеді, шынайы дін — мүлдем сөз шығарып əуре болмайды: үндемейді.

Ілмектер: дос, дін, достық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Тарих дегеніміз — математикаға қатысы жоқ дегеннің бəрінің жиынтығы.

Ілмектер: тарих, математика, жиынтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Европа тарихы — өз еркімен жасалған тағдыр, ал Үнді тарихы болса — кездейсоқ жасалмаған кездейсоқтық.

Ілмектер: Европа, тарих, тағдыр, Үнді, нақыл, қанатты сөздер, афоризм, кездейсоқтық Освальд Шпенглер

Тарих дегеніміз — мəңгілік жасампаздық, мəңгілік болашақ жəне, соған сəйкес, мəңгілік қозғалыс. Табиғат болса — жасалып болған дүние, яғни, мəңгілік өткен шақ.

Ілмектер: тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мәңгілік, болашақ, қозғалыс, табиғат Освальд Шпенглер