Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2885)

Тағдыр идеясын портрет, трагедия, музыка арқылы суреткер ғана жеткізе алады.

Ілмектер: тағдыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, портрет, трагедия, музыка Освальд Шпенглер

Барлық нəсілдердің зиялы жүздері бір-біріне ұқсас келеді: оларда нəсілдің өзі кейінгі қатарға шығып қалады.

Ілмектер: нәсіл, зиялы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Тарих идеалдарды аяусыз таптап отырады, ал егер əлде бір адам немесе халық белгілі бір кезеңде əділдік үшін күш қолданудан бас тартса, онда ол ой мен ақиқат əлеміндегі теориялық даңқа ие болып шыға келеді, бірақ бұл – оның шындықтың не екенін жақсы білетін басқа бір күшпен тайталаста ұтылып қалғанын білдіреді.

Ілмектер: тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, халық Освальд Шпенглер

Ақыл ойлап шығарған əрбір жаңа ақиқат — ескі, бұрынғы бар нəрсе туралы сыни пікірден басқа ештеңе де емес.

Ілмектер: ақыл, ақиқат, пікір, сын, ескі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Əр тіршілік иесі басқа тіршілік иесі мен оның тағдырын өзімен, өз тағдырымен салыстырмалы түрде ғана қабылдайды.

Ілмектер: тіршілік, тағдыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Канондық кітаптар — ұлтқа етене жақын, ал апокалиптикалық кітаптар — интернационалдық сөзінің толық мағынасына сəйкес болып келеді. Олар ешкім жаза қоймағандай көрінгеніне де қарамастан өмір сүре береді. Олардың мағынасы бұлыңғыр келеді: бүгін — бірдеңені білдірсе, ертең — басқа бірдеңені білдіруі мүмкін.

Ілмектер: кітап, ұлт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бүгін, ертең Освальд Шпенглер

Біз өмірдің рəмізі — қан деп ойлаймыз.

Ілмектер: өмір, рәміз, қан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Мəдениет пен өркениет дегеніміз — жанның тірі тəні мен өлі қаңқасы (мумия).

Ілмектер: Мəдениет, өркениет, жан, тән, қаңқа, мумия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Мəдениеттің өзегі — өзгеше организмдер. Мəдениет тарихы дегеніміз – солардың өмірбаяны. Мəңгі бала бейнелі адамзаттың ең алғашқы көңіл күй ауанынан ұлы рух оянып, жеке бөлініп шыққан кезде мəдениет пайда болған.

Ілмектер: Мəдениет, тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көңіл күй Освальд Шпенглер

Тек өлімді көрген кезде ғана біз басқа бір құпия — ұрықтану құпиясын сезіне бастаймыз.

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құпия Освальд Шпенглер

Кез-келген дін жарыққа жақын тұрады.

Ілмектер: дін, жарық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Ұзақ өмір сүретініне сенгеніңді ғана сүйе аласың.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Сүйіспеншілік ойша əлемдік тəртіп жасауға негізделеді: ондағы басты нəрсе — орнықтылық.

Ілмектер: Сүйіспеншілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәртіп, орнықтылық Освальд Шпенглер

Масса дегеніміз — құрып біту, барып тұрған түкке тұрмастың өзі.

Ілмектер: Масса, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Текіскер адам, тағдырлы адам ғана ақиқат əлемінде, ұғымдармен жүйелер дегенді білмейтін таза саяси, əскери жəне экономикалық шешімдер əлемінде өмір сүреді.

Ілмектер: тағдыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақиқат, саясат, әскер, экономика, әлем Освальд Шпенглер

Адамдар саясат деген ұғым төңірегінде қажеттіліктен əлдеқайда көп ойланғаны байқалады. Олар есесіне шын саясатты бақылау жайын əлдеқайда нашар білгенге ұқсайды.

Ілмектер: саясат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Мəдениет адамдары — түйсіксіз, дерекке сүйенетін адамдар — түйсікпен өмір сүреді.

Ілмектер: Мəдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір, дерек, түйсік Освальд Шпенглер

Математика да — өнер: оның өз стильдері мен стильді кезеңдері бар.

Ілмектер: Математика, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, стиль, кезең Освальд Шпенглер

Əлем тарихы дегеніміз — қала адамының тарихы.

Ілмектер: әлем, тарих, қала, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Əлем жай тірі тұрған жоқ.

Ілмектер: әлем, құпия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер