Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (33) Өлеңдер (53) Мақал-мәтелдер (285) Ұлағатты сөздер (315) Әзіл, анекдоттар (2)

"ақыл" Ұлағатты сөздер

Бұл бөлімде "ақыл" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.

Ілмектер: адамзат, сүю, сезу, ақыл Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Ата-ананың ақылы — қазулы қара жолмен тең.

Ілмектер: ата-ана, ақыл, жол Дулат Бабатайұлы
WhatsApp Telegram

Ақыл — адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.

Ілмектер: ақыл, адам, Сабыр Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.

Ілмектер: ақыл, сену, жоқ, Шын Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Жұрттың бәрі ұмытшақпын деп зар илегенде жақсы, ал ақылының аздығына арыз айтқандарды кездестірген жоқпыз.

Ілмектер: ұмытшақ, ақыл, арыз Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

Сөйлеуді үйренгенің - өскенің. Үндемеуді үйренгенің - ақылыңның кіргені.

Ілмектер: ақыл, өсу Бернард Шоу
WhatsApp Telegram

Ақыл да ойлағанды ұнатады. Ойланып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді.

Ілмектер: ақыл, дұрыс, жол Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Ілмектер: ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаз Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Аз да болса өз ақылың болсын

Ілмектер: ақыл Максим Горький
WhatsApp Telegram

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Ілмектер: қайрат, ақыл, жүрек Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram