Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "Өмір" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Өмір енді бір мағынада шыраққа ұқсайды: оған жақындаған сайын оны көру қиын. Өмір сұлулығын танығымыз келсе алысырақ тұрып күзетейік.
Ілмектер: өмір, мағына, шырақ, көру, жақындау, сұлулық Артур Шопенгауэр
Өмір қысқа. Ендеше өмірді ысрап ету қылмыс.
Ілмектер: өмір, қылмыс, ысрап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Камю
Мектеп бізді дүниеде жоқ өмірге даярлайды.
Ілмектер: мектеп, өмір, дүние Альберт Камю
Өмірдің шолақ және тым қысқа екенін танып жету үшін өмірдің ұзақ сапар жолын басып өтесің.
Ілмектер: өмір, шолақ, қысқа, сапар, жол, нақыл, Ұлағатты сөздер Артур Шопенгауэр
Жүректің соғысы — физиология, ал жүректің не қуаныштан, не үрейден барып бас алатын лүпілі — эстетика, өнер, өмірге бергісіз қайран сөз.
Ілмектер: жүрек, қуаныш, эстетика, өнер, өмір, қайран, сөз Асқар Сүлейменов
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Ілмектер: өмір, сана, абақты Мағжан Жұмабаев
Кiм көп бiлсе, сол көбiрек қайғырады. Ғылым бәйтерегi дегенiмiз өмiр шынары емес пе?
Ілмектер: қайғы, ғылым, өмір Джордж Байрон
Өмірдің қас жауы — қайғы мен зерігу.
Ілмектер: өмір, жау, қайғы, зерігу Артур Шопенгауэр
Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш — бала сүю.
Ілмектер: өмір, бала, қуаныш Бауыржан Момышұлы
Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын... адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны.
Ілмектер: отбасы, адам, шаттық, бала, өмір, нақыл, афоризм Антон Макаренко
Адам өмірінің ең биік шыңы — жастық.
Ілмектер: өмір, адам, жастық, жастық шақ, шың Иоганн Вольфганг фон Гёте
Әр адамның өмірінде бір рет болса да тағдыр тәлейі оның есігін қағады, бірақ ол кезде адам жақын маңдағы сыраханада отырған болуы мүмкін, сол себепті ешқандай тақылды естімейді.
Ілмектер: Өмір, бақ, тағдыр, жолы болу, сәті түсу, ісі оңбау, жолы болмау Марк Твен
Өлімнен емес, өмірді зая өткізуден қорқу керек.
Ілмектер: өлім, Өмір, бос, бекер, мәнсіз, пайдасы жоқ, пайдасыз Бертольд Брехт
Қайсыбір жақсы кітапты оқып шығып, өз өмірінің жаңа дәуірін ашқан адамдар қаншама!
Ілмектер: кітап, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Генри Дэвид Торо
Педагогика — білім беру, яғни адамның өмірлік тәжірибесін дамыту туралы ғылым.
Ілмектер: Педагогика, білім, адам, өмір, ғылым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Александр Новиков
Сағаттың шықылдағы емес ермек, һәмиша өмір өтпек — ол білдірмек.
Ілмектер: нақыл, сағат, өмір, қанатты сөздер, афоризм Абай Құнанбайұлы
Өткен өмір қу соқпақ,
Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
Қыдырады талайды.
Баланы өмір сүруге үйрету керек.
Ілмектер: бала, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жан-Жак Руссо
Өмiр дегенiң қашан да — кеменiң апаты.
Ілмектер: өмір, апат, кеме, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Хосе Ортега-и-Гассет
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі