Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "Алла" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Адам жанының, өмірдің мәңгілік екенін білетін шығарсыз, білуіңіз керек, себебі бұл өте маңызды, сонда адам жаны өлімнен қорықпайтын болады, күйзеліске ұшырамайды. Сондықтан Құран әрдайым өлімді еске алуға кеңес береді. Ертең өлетіндей өмір сүрсеңіз, мәңгілік өлмейтініңізге сеніңіз. Дегенмен тән – табиғат заңдылығына сәйкес өлімнен әрдайым қорқады. Қорықпаймын деу екіжүзділіктің белгісі. Адам өлімнің мәнін және одан шын қорықпауды – Алланы, қиямет күнін, қайта тірілуді, күннің астында ұзақ жылдар тұруды, қорқынышты сотты, қыл көпірді және ақыретті (жаннат пен тозақ) жиі еске алу арқылы үйренеді және бұл әсіресе намаз оқу процесінде орын алуы керек. Пайдалы болсын, зиянды болсын белгілі бір сенімге негізделген сөздерді қайта-қайта еске алу немесе басқа адамның есіне салу бұл сіздің болашағыңызды қалыптастыратын тағдыр және басқалардың жан дүниесіне әсер қалдыратын із.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, құран, Алла, құдай, намаз, адам, жан, мәңгілік, Өмір, өлім, күйзеліс, тән, табиғат, қорқақтық, екіжүзділік, күн, көпір, Сот, қорқыныш, ақырет, жаннат, тозақ, өмірдің мәні, болашақ, тағдыр, сөз, сенім, пайдалы, зиянды Нарша Булгакбаев
Барлығы болмаса да, көбіміз өмірімізде кем дегенде бір рет жетістікке, табысқа жетуге және өзіміз қалаған нәрсеге қол жеткізуге үйретуге арналған арнайы кітаптарға, аудио/видео сабақтарға (онлайн), курстарға немесе семинар-тренингтерге (оффлайн), ең сорақысы марафондарға (әсіресе үш күндік, үш күнде адам қалай өзгереді? Ақылға сыймайды) жүгіндік (біреуіміз еліктеушіліктен, біреуіміз шарасыздықтан). Алла намаздың өзін күніне бес уақыт өмір бойы «оқы» деп бұйырған еді.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Жетістік, табыс, кітап, сабақ, семинар, тренинг, марафон, еліктеу, шарасыздық, Алла, намаз, оқу Нарша Булгакбаев
Іштегі сыр Аллаға мағлұм: сырттағы құлақ амал емей немене.
Ілмектер: сыр, Алла, құлақ, амал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың.
Ілмектер: еңбек, хайуан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адамшылық, қарыз, Алла, құл Абай Құнанбайұлы
Алла деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас.
Ілмектер: Алла, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
Алла жақын кеудеде оты барға.
Ілмектер: Алла, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы
Әділ айтсам — Аллам дос, әзіл айтсам — шайтан хош.
Ілмектер: әділдік, дос, Алла, шайтан, әзіл Қашаған Күржіманұлы
Сен асыққан екен деп — Алла өмірін өзгертпес.
Ілмектер: асығу, өмір, Алла Абай Құнанбайұлы
Алланың өзі де - рас, сөзі де - рас.
Ілмектер: Алла, рас, сөз Абай Құнанбайұлы
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі