Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (29)

Қанағат — Ұлағатты сөздер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "қанағат" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Арғымағың жамандап- тұлпар қайдан табарсың,
Тұйғыныңды жамандап - сұңқар қайдан табарсың.

Ілмектер: қанағат, жамандау Асан қайғы
WhatsApp Telegram

Аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң — көптен құр қаласың.

Ілмектер: жұмыс, қанағат Ыбырай Алтынсарин
WhatsApp Telegram

Артық тамақ шашты ағартып қинайды,
Ал қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды.

Ілмектер: тамақ, қанағат, ғұмыр Уильям Шекспир
WhatsApp Telegram

Бүгінгі қанағаттанбаудың себебі, тіпті, бұл күнгі табиғатқа ырза болмағандық.

Ілмектер: қанағат, табиғат Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Білім – қымбат қазына,
Қанағат тұтпа азына.

Ілмектер: білім, қазына, қанағат Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Не пайда күш жоқ болса, нарлығыңнан,
Пайда жоқ, кең болмасаң, тарлығыңнан.
Көрінбеген нәрсені аламын деп,
Айырылма қолыңдағы барлығыңнан.

Ілмектер: Пайда, қанағат Мәшһүр Жүсіп Көпеев
WhatsApp Telegram

Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.

Ілмектер: бақыт, қанағат Аристотель
WhatsApp Telegram

Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл.

Ілмектер: қанағат, адал, еңбек Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram