Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"Өмір" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "Өмір" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.
Ілмектер: ән, күй, құмар, бала, өмір, ғашық Мұхтар Әуезов
Отбасылық өмірде ірі зілзаладан аман қалу, ұсақ-түйек кикілжіңнен құтылудан әлдеқайда оңай.
Ілмектер: отбасы, өмір Габриэль Гарсиа Маркес
Қателіктер өмірдің тыныс белгілері секілді. Олар болмаса, мәтіндегі сияқты, өмірдің де еш мағынасы болмайды.
Ілмектер: қателік, өмір, мағына Харуки Мураками
Өміріңді байлық қыл — пайдасы болсын ізгілік.
Ілмектер: өмір, ізгілік Жүсіп Баласағұни
Махаббат — өмірдің өлең-жыры, жарық күні.
Ілмектер: махаббат, өмір Виссарион Белинский
Ең жақсы мектеп - өмір мектебі.
Ілмектер: мектеп, өмір Иоганн Вольфганг фон Гёте
Сен асыққан екен деп — Алла өмірін өзгертпес.
Ілмектер: асығу, өмір, Алла Абай Құнанбайұлы
Оп-оңай іс, оп-оңай тірі жанды өлтіру,
Ілмектер: Тарих-и-рашиди, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өмір Мұхаммед Хайдар Дулати
Мүмкін емес қайтадан тірі күйге келтіру.
Біз организмімізге немқұрайлықпен қараушылықтан өз өмірімізді өзіміз қысқартамыз.
Ілмектер: денсаулық, өмір, немқұрайлық Павлов Иван Петрович
Шахмат — бұл өмір.
Ілмектер: шахмат, өмір Роберт Фишер
Адам жиырма жасындағы көзқараспен елу жаста да қараса, онда ол өз өмірінің отыз жылын жоғалтыпты.
Ілмектер: өмір, көзқарас, жастық, қарттық, адам Мұхаммед Әли
Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.
Ілмектер: дос, достық, өмір Аристотель
Дүниеде көбірек тұрғың келсе өзіңді-өзің бапта, кеткің келсе былапытта.
Ілмектер: дүние, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Адам кім болса да еңбек етіп, терге шома жұмыс атқаруы тиіс: өмірдің мәні мен мұраты оның бақыты мен мақсаты осында.
Ілмектер: еңбек, адам, өмір, мақсат, бақыт, мұрат Антон Чехов
Жақсы өмір сүру дегеніміз — жақсы жұмыс істеу.
Ілмектер: жұмыс, өмір Николай Лобачевский
Өмірдің бірінші қажеті еңбек болатындай етіп құра біл. Еңбексіз адал, жарқын өмір жоқ.
Ілмектер: өмір, еңбек Антон Чехов
Ғылым өмірге қызмет етеді.
Ілмектер: ғылым, өмір Нильс Хенрик Давид Бор
Өмір сүру мен үшін еңбек ету деген сөз.
Ілмектер: өмір, еңбек Иван Айвазовский
Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді бақытсыздыққа душар етуі де мүмкін.
Ілмектер: арман, өмір, бақыт Дмитрий Иванович Писарев
Өмір – өнер болғанда, өнер – өлшем. Өнер – өлшем болғанда, өлшем – үнем. Ал үнем – тірліктің күре тіні.
Ілмектер: өмір, өнер Асқар Сүлейменов
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі