Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2914)

"нақыл" Ұлағатты сөздер

Бұл бөлімде "нақыл" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Мылжың сөзінің тоқетері болмас.

Ілмектер: Мылжың, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Анаң жақсы, қызың жақсы — әйеліңе не болған.

Ілмектер: ана, әйел, қыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Өмір — өлтіріп тынар.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Сөзіңмен көрінбе, ісіңмен көрін.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Өртенсе де махаббаттың күшімен,
Бір-біріне сыр ашпады тісінен.

Ілмектер: махаббат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Генрих Гейне
WhatsApp Telegram

Елде болса маған да жетеді, менде болса елге қалай жетеді, — дейтін кең пейілді айт.

Ілмектер: пейіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Менде ғана болғанша елде болсын.

Ілмектер: ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Қорқынышпен күресте ерлік, жеңістің нәтижесінде парыз сезімі туады.

Ілмектер: Қорқыныш, күрес, ерлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Өз еркімен қорқынышты ешкім де жеңе алмайды, тек қана мәжбүр ету жолымен ғана жеңуге болады.

Ілмектер: қорқыныш, жеңіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Өз қайғысы жоқтай-ақ басқаның қайғысына ортақ — ақ көңілді айт.

Ілмектер: қайғы, нақыл, афоризм, көңіл, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Қорқыныш сезімі барлық тіршілік иесіне тән және барлық жерде бар.

Ілмектер: Қорқыныш, сезім, тіршілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ұрыста бәрі тексеріледі, адамның барлық жеке қасиеттері сынға түседі.

Ілмектер: ұрыс, қасиет, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сын Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Қаны тамып тұрған шындықты табу оңай емес, ал оны жинақтау одан да қиын.

Ілмектер: шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қиын Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Өз мүддеңді көп мүддесінен жоғары қойсаң, өзің ғана бишарасың. Көп мүддесін жоғары ұстасаң, көп те сені жоғары көтереді.

Ілмектер: мүдде, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Құлқын қозғамаса жата бермексің, құлқын қозғаса жарғақ құлақ жастыққа тимейді. Бұл құлдықтан босанғанда ғана адам адамшылық сатысына көтеріледі.

Ілмектер: құлдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Қызғаныштың үш түрі бар: жеке бастың қызғаншы, ұлттық қызғаныш сезімі және Отанға деген сүйіспеншіліктен туатын қызғаныш сезімі.

Ілмектер: Қызғаныш, отан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ерлікті оның мерт болуынан іздемей, оның өзінен іздеу керек.

Ілмектер: ерлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ұрыс өнері дегеніміз — бұл ұрысты азырақ шығынмен жеңіп шығу деген сөз.

Ілмектер: ұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ұрыс идеалы дегеніміз — бұл ұрысты шығынсыз жеңіп шығу.

Ілмектер: ұрыс, идеал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Сырты сұлуды айтқанша, іші сұлуды айт. Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады.

Ілмектер: сұлу, жүрек, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram