Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"ақыл" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "ақыл" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Оригинал бол, өзің бол — бұл бір ақылдысымақтың ахинеясы. Дичьпен басты қатырмай даналық ізде деп айтқан еді ұстазым, өмірде бәрі галиматья деп. Дінді бұзатын ересь деп. Тағы не айтып еді… Ааа… Ақиқатсыз адамның өмірі нонсенс.
Ілмектер: Оригинал, ақыл, ақылды, дана, даналық, ұстаз, дін, ақиқат, адам, туралы Нарша Булгакбаев
Ақылы жасына сәйкес келмеген жан, бақытсыз жан.
Ілмектер: ақыл, бақытсыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа Вольтер
Арсыз көңіл адамды ит етеді. Ақыл, айла итті адамдай етеді.
Ілмектер: ар, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ит, адам, ақыл, айла Ғабиден Мұстафин
Күллі сөзді жина — ақылға сыймайды,
Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тіл Жүсіп Баласағұни
Керек сөзді айтады тіл, тыймайды!
Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.
Ілмектер: адам, ақыл, жүрек, жігер, қайрат, азу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
Ақылым аз деп ешкім Аллаға арыз айтпапты.
Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, арыз Сайын Назарбекұлы
Өз қатесін мойындай алмайтын адамның ешқашан ақылы толмас.
Ілмектер: қате, қателік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақыл Сайын Назарбекұлы
Үнемі айлаға жүгіну, ол — ақылдың аздығынан.
Ілмектер: айла, ақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Локк
Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді.
Ілмектер: адам, ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көз, ақыл Шәкәрім
Ақылды қорқақ алдырмас.
Ілмектер: ақыл, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
Жадының нашарлығына бәрі де арыз айтады, ақылы туралы ауыз ашпайды.
Ілмектер: жад, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко
Көңіл берді, көз, ақыл, білім берді,
Ілмектер: көз, ақыл, білім, көңіл, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
Сөз айтуға жаратты тілімді енді.
Ақылдың таяздығы қасарыспалықты туғызады.
Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко
Біреулер айлакерді де ақылды, десіп жүр. Айла айуанда да бар, ақыл тек адамда.
Ілмектер: айлакер, ақыл, айла, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Исламның да тазасы бар, ақыл жүрекпен тапқаның, пайда берсе сенімің саған, бақытты қылар салғаның.
Ілмектер: ислам, тазалық, ақыл, жүрек, пайда, бақыт, сенім Нарша Булгакбаев
Ақылдылар үшін атақ-даңқ — бұл зіл батпан жүк.
Ілмектер: атақ, даңқ, Ақыл, зіл, жүк, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Ашумен емес, ақылмен үйрету керек.
Ілмектер: ашу, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Талант деп өнері мен ақылын қоса іске асыра алатындарды айтамыз.
Ілмектер: Талант, өнер, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
Бізді жабайы, өзін ақылды көретін ақмақтығы сонша, арам ойларын дұрыстап бүркей де алмайды...
Ілмектер: ақыл, арам, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі