Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (55)

"нақыл сөздер" туралы Ұлағатты сөздер

"нақыл сөздер" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "нақыл сөздер" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Қазақ даласында не көп— бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда қымбаттырақ.

Ілмектер: дала, қазақ, тарих, нақыл сөздер Шоқан Уәлиханов
WhatsApp Telegram

Жанның да әлдісі бар, әлсізі бар.

Ілмектер: жан, әл, нақыл сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Көктем - әлденені жаңадан бастау үшін таптырмайтын мезгіл.

Ілмектер: көктем, нақыл сөздер Харуки Мураками
WhatsApp Telegram

Жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты қаласақ, алдымен сәбилерге назар аударуымыз керек.

Ілмектер: бейбітшілік, тыныштық, нақыл сөздер Махатма Ганди
WhatsApp Telegram

Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады.

Ілмектер: сөз, шындық, нақыл сөздер Ыбырай Алтынсарин
WhatsApp Telegram

Мұхитқа ұзақ қарасаң адамдарды сағына бастайсың, ал адамдарға ұзақ қарасаң — мұхитты сағынасың.

Ілмектер: сағыну, адам, мұхит, нақыл сөздер Харуки Мураками
WhatsApp Telegram

Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады.

Ілмектер: көңіл, сөз, нақыл сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда.
Ерге дәулет бітпесе,
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда.

Ілмектер: қыз, дәулет, тіл, нақыл сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Дәрігерде үш қару бар. Олар: сөз, өсімдік, пышақ.

Ілмектер: дәрігер, нақыл сөздер Ибн Сина
WhatsApp Telegram

Дүние қу — бір ағын су.

Ілмектер: дүние, нақыл сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Өркөкіректікте басқа кемшіліктердің жақсы қасиеті жоқ - ол жасырын бола алмайды.

Ілмектер: өркөкірек, кемшілік, нақыл сөздер Фрэнсис Бэкон
WhatsApp Telegram

Ер жүрек адамды оққа байлауға да, оққа айдауға да болады.

Ілмектер: ер жүрек, адам, нақыл сөздер Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді.

Ілмектер: сөз, өнер, әдебиет, нақыл сөздер Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Медицина — саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым.

Ілмектер: медицина, ғылым, денсаулық, науқас, кесел, нақыл сөздер Ибн Сина
WhatsApp Telegram