Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (51) Өлеңдер (186) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (53) Әзіл, анекдоттар (1)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"ақын" туралы Ұлағатты сөздер

"ақын" туралы ұлағатты сөздер жинағы.

Ақын аз жазып, көп сурет салуы қажет.

Ілмектер: ақын, сурет салу Иоганн Вольфганг фон Гёте
WhatsApp Telegram

Ақындық – табиғаттың саннан таңдап бірен-саран адамдарға беретін артық өнері. «Көп берілгеннен көп сұранады» деген нақылды ескертіп, аяғына дейін түзетуге керек еді. Тілді бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту – ақындардың мойындарына артылған зор борыш.

Ілмектер: ақын, өнер, борыш, тіл Халел Досмұхамедұлы
WhatsApp Telegram

Ақынды прозамен тексеріп алса - теріс емес.

Ілмектер: ақын, проза Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Беу, ақыным!
Көп бұлдама махаббатын халқыңның.

Ілмектер: ақын, махаббат, халық Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Тіршілігі ізгі арманды заң қылған,
Ақындардың мысы басым тағдырдан.

Ілмектер: тіршілік, арман, ақын, тағдыр Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Мақал-мәтелдердің молдығы, олардың тамаша поэтикалық формасы, шебер түрде берілген терең, тіпті философиялық мән-мағынасы – осындай тамаша үздік шығарма тудырған қазақ халқының өзінің де асқан ақындық дарынының, оның сарқылмас даналығының анық айғағы.

Ілмектер: мақал, Мақал-мәтел, мағына, қазақ, халық, ақын, дарын, дана Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, ақын, батыр, шешен
WhatsApp Telegram

Жұмбақ - сөз образының кілті,
Ақындықтың ұрық-дәні.

Ілмектер: жұмбақ, ақын, ақындық, сөз Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.

Ілмектер: білім, ақын, өнер, өнерпаз Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Ақын бойына адамгершілік қана жарасады. Екеуінің біріне ақау түссе - алдымен ақындық өледі.

Ілмектер: ақын, адамгершілік, ақау Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Бүкіл ақын атаулыны маскүнем ғып көрсету – мақсат емес. Менде ондай ой жоқ. Ал енді ішпейтін ақын тағы аз.

Ілмектер: мақсат, ақын, маскүнем Қадыр Мырза Әли
WhatsApp Telegram

Ақынның бірінші бақыты – шығармашылық процесс. Ал қалған тірлігі қараңғы туннель

Ілмектер: бақыт, ақын Қадыр Мырза Әли
WhatsApp Telegram

Ақын – жазушылардың бәрі болмағанмен, біразы әдеби есірмен.

Ілмектер: ақын Қадыр Мырза Әли
WhatsApp Telegram