Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (19) Өлеңдер (65) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (191) Ұлағатты сөздер (50)

Жер — Ұлағатты сөздер жинағы - 3-бет

Бұл бөлімде "жер" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ақсүйектің баласын қара ұлына теңгеріп, қоңыраулы найза өңгеріп,
Жесірлерге жер бердім, жетімдерге жем бердім - сол ерліктен не көрдім?!

Ілмектер: ерлік, реніш, өкіну, жесір, жер Махамбет Өтемісұлы
WhatsApp Telegram

Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса - башқұртша көріп мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді.

Ілмектер: қазақ, жер Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Тәуелсiздiктiң қайта оралғаны – бiздiң ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресiнiң заңды өтеуi. Жаратқан иенiң жасаған әдiлдiгi. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жердi ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен қорғап қалғанының арқасы. Мұндай жер болмаса, мұндай елде болмас едi.

Ілмектер: тәуелсіздік, ел, жер, ата-баба, күрес Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес.

Ілмектер: ел, мақтаныш, жер, алтын Қаныш Сәтбаев
WhatsApp Telegram

Жер бетінде ақымақтарсыз өмір сүру қызықсыз болар еді.

Ілмектер: жер, ақымақ, қызық, өмір Михаил Лермонтов
WhatsApp Telegram

Ей, тәкәпарлық! Жер шарын көтергісі келген Архимедтің тұтқасы едің...

Ілмектер: тәкәпарлық, жер, Архимед Михаил Лермонтов
WhatsApp Telegram

Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры.

Ілмектер: жер, өмір Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Тіреу нүктесін берсеңдер, жерді де төңкеріп тастаймын.

Ілмектер: Нүкте, жер, төңкеру Архимед
WhatsApp Telegram

Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.

Ілмектер: Қазақ, жер Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram