Дәл қазір қолыңызда өмірдің қиын-қыстау кезеңіне төтеп беруге көмектесетін дүниенің барлығы бар.
Ілмектер: өмір, көмек, дүние, қиын-қыстау Брайан Трейси
Ой-хой, дүние серуен,
Ілмектер: адам, дүние Жамбыл Жабаев
Адам бір көшкен керуен.
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Ілмектер: заман, дүние Сәбит Дөнентаев
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы,
Тыпырлап, тыныш жатпаған істінікі.
Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ.
Ілмектер: дүние, мал, атақ Қорқыт ата
Дүниенің малын жыйса да сараң тоймайды.
Ілмектер: дүние, мал, сараң Иүгінеки Ахмед
Дүниеде не болса да бірте-бірте аздап ілгері басып болады.
Ілмектер: дүние, заман Әлихан Бөкейханов
Мен де соққы жедім деп сұм дүниеден,
Ілмектер: өсиет, тәлім, дүние, бейнет, қайғы Шәкәрім Құдайбердіұлы
Көп жазым ем - оныма өкіндім мен.
Ойласам: көрген бейнет, тартқан қайғы,
Болыпты не біреуден, не өзімнен.
Жаһандық әлем өңiрлер бойынша бiрiгуде – бұл қазiргi дүниеде аман болудың шарты да. Бiз озық болдық, бiз мұны белсендi түрде жүзеге асырдық, бiз сөйтiп табысқа қол жеткiздiк.
Ілмектер: әлем, жаһан, дүние, табыс Нұрсұлтан Назарбаев
Дүниеде кедейлік жоқ - өнерпазға.
Ілмектер: кедей, кедейлік, өнерпаз, дүние Міржақып Дулатұлы
Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.
Ілмектер: әйел, дүние, көз, байлық, мансап Ғабит Мүсірепов
Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.
Ілмектер: дүние, ұлы, ой, сұлулық Ғабит Мүсірепов
Мал-мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді.
Ілмектер: мал, дүние, байлық, өлім, жан Қожа Ахмет Йассауи
Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ.
Ілмектер: дос, дүние, заң Тоқсары
Табын-табын малыңмен емес, қатар-қатар қосыңмен емес - ақ адал досыңмен мақтан.
Ілмектер: дос, мал, дүние, мақтану Тоқсары
Дүниедегi ұлы нәрселердiң ешбiрi құштарлықсыз жүзеге аспайды.
Ілмектер: Дүние, ұлы, құштарлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Галилео Галилей
Бұл дүниеде екі-ақ есік бар: бірі - өмірге қарай ашылады, екіншісі - өлімге қарай ашады. Бірінші есікке енген адам — екінші есікке де енеді.
Ілмектер: дүние, өмір, өлім, есік Жүсіп Баласағұни
Бұ дүние көлеңкедей ойнайды: қусаң — қашар, қашсаң — сенен қалмайды.
Ілмектер: дүние, өмір, көлеңке Жүсіп Баласағұни
Дүниеге шын данышпанның келгенiн бар ақымақтың оған қарсы күреске бiрiккенiнен байқауға болады.
Ілмектер: дүние, данышпан, ақымақ, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джонатан Свифт
Енжарлық жан дүниенің сұмпайылығы.
Ілмектер: енжарлық, дүние, сұмпайылық Лев Толстой
Өмір сияқты уақыт та шексіз және ол өліммен бітіп қалмайды. Нағыз мұсылман адам дүниеден бас тартпауы керек, дүние арқылы ақыретін қайырлы ете білуі керек, бірақ бұл – бірінші өмірді, мәңгілік өмірден артық сүй деген сөз емес.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, уақыт, өлім, Мұсылман, адам, дүние, ақырет, Сүй, махаббат, мәңгілік Нарша Булгакбаев
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі