Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (17) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (361) Ұлағатты сөздер (112) Әзіл, анекдоттар (1)

Жаман — Ұлағатты сөздер жинағы - 6-бет

Бұл бөлімде "жаман" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Жаманға еткен жақсылығың
Жатқа кеткен малмен тең.
Адамға қылған жақсылығың
Арнап бір берген нармен тең.

Ілмектер: адам, жаман
WhatsApp Telegram

Үйренбейтін немесе аз үйренетін мұғалім - жаман мұғалім.

Ілмектер: мұғалім, жаман, үйрену Максим Горький
WhatsApp Telegram

Оптимисттердің арманы орындалады, ал пессимисттердің жаман ойлары.

Ілмектер: оптимист, пессимист, арман, ой, жаман Бернард Шоу
WhatsApp Telegram

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман.
Атадан өнеге алмаған ұл жаман.

Ілмектер: ана, ата, қыз, ұл, жаман Қорқыт ата
WhatsApp Telegram

Жақсы командир жауынгерін зор етеді,
жаман командир офицерін қор етеді.

Ілмектер: жақсы, жаман, командир, жауынгер, офицер, зор, қор Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ұятсыз адам иттен де жаман.

Ілмектер: ұят, жаман Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Адам баласының жаман құлқы - жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен.

Ілмектер: адам, жаман, жаратылыс Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді.

Ілмектер: жаман, сөз Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.

Ілмектер: бала, арақ, у, маскүнем, ана, жақсы, жаман Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram

Жалпы адамгершiлiк және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ, болмайды да.

Ілмектер: адамгершілік, жаман, халық Мұстафа Шоқай
WhatsApp Telegram

Жаманға ұйқы – жолдас, тамыр – тамақ, Болмайды көңілінде басқа талап.

Ілмектер: Жаман, жолдас, жалқау Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram