Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (14) Өлеңдер (66) Мақал-мәтелдер (102) Ұлағатты сөздер (116)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"өлім" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"өлім" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "өлім" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Артында жақсы аты қалған адам өлмейді.

Ілмектер: ат, адам, өлім Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Адам анасынан туған күні ғана дүниеге келмейді. Өмір сүру барысында да мың өліп, мың туылады.

Ілмектер: ана, туған күн, өмір, өлім Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Қанша тырыссаңыз да, о дүниеге аттану оңай емес.

Ілмектер: тырысу, дүние, өлім Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Мал-мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді.

Ілмектер: мал, дүние, байлық, өлім, жан Қожа Ахмет Йассауи
WhatsApp Telegram

Өмір тәтті - бүгін қолың жеткенде,
Удай ащы - ертең тастап кеткенде.

Ілмектер: өмір, өлім Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Өлер алдында тек екі нәрсеге өкінеміз: аз ғашық болғанымызға және аз қыдырғанымызға.

Ілмектер: өлім, өкініш, ғашықтық, қыдыру Марк Твен
WhatsApp Telegram

Мен өзімнің детектив романдарымның сюжеттерін ыдыс-аяқ жуып жатқан кезде табамын. Өйткені ол маған мүлдем ұнамайтын іс. Сол себепті басыма бірден өлім туралы ойлар келеді.

Ілмектер: іс, өлім, ой, роман, детектив, сюжет, ыдыс-аяқ Агата Кристи
WhatsApp Telegram

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары – гөр,
Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткем ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін.

Ілмектер: өлім, жұрт, ел Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Өлгендер қайтып келмейді,
Шыққан жан қайтып енбейді.

Ілмектер: өлім, жан Қорқыт ата
WhatsApp Telegram

Өлімнен басқаның бәрін өткізуге болады, жақсы атақтан басқаның бәріне шыдауға болады.

Ілмектер: өлім, атақ Оскар Уайльд
WhatsApp Telegram

Адамдар мал-мақтан үшін соғысып, өзі жек көретін өлімге жанын тапсырады

Ілмектер: адам, мал, мақтан, соғыс, өлім Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Өлімнен асып түсу мүмкін емес.

Ілмектер: өлім Михаил Лермонтов
WhatsApp Telegram

Өлім - хақтың пәрмені

Ілмектер: өлім Махамбет Өтемісұлы
WhatsApp Telegram

Өлімнен де ауыр ит өмір кімге керек?!

Ілмектер: өлім, өмір Қадыр Мырза Әли
WhatsApp Telegram

Біз махаббаттың өлімдей күшті екенін білеміз. Есесіне ол әйнек секілді қорғансыз.

Ілмектер: махаббат, өлім Ги де Мопассан
WhatsApp Telegram