Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (24) Өлеңдер (56) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (143) Ұлағатты сөздер (176) Әзіл, анекдоттар (2)

"халық" Ұлағатты сөздер

Бұл бөлімде "халық" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Егер сен шын адам болсаң, халқының тағдырына қабырғасы қайыспайтын қалтақбасты адам деуші болма.

Ілмектер: адам, халық, тағдыр Әлішер Науаи
WhatsApp Telegram

Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін;
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.
Бай болып пайдаң тимесе,
Батыр болып найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсін!

Ілмектер: бай, пайда, халық, найза Әйтеке би
WhatsApp Telegram

«Қан сасыған хан сарайы» дейді қазақтар. Осыны халық өте ерте түсінген.

Ілмектер: қазақ, хан, қан, халық Қадыр Мырза Әли
WhatsApp Telegram

Халықтың ықыласына ешкім тиым сала алмайды.

Ілмектер: халық, ықылас Қадыр Мырза Әли
WhatsApp Telegram

Ең үлкен махаббат – халық махаббаты.

Ілмектер: махаббат, халық Қадыр Мырза Әли
WhatsApp Telegram

Ән — халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі

Ілмектер: ән, халық, ой, сезім Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені

Ілмектер: сөз, халық Сәбит Мұқанов
WhatsApp Telegram

Мен демократияны халықтың билігі деп ойлайтын едім. Бірақ, Рузвелт мырза маған демократияның Америка халқының билігі екенін түсіндірді.

Ілмектер: билік, халық Иосиф Сталин
WhatsApp Telegram

Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз.

Ілмектер: талап, үміт, халық Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Жалпы адамгершiлiк және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ, болмайды да.

Ілмектер: адамгершілік, жаман, халық Мұстафа Шоқай
WhatsApp Telegram

Ағалар, қыпшақ деген ұлт болмайды, қазақ деген ұлт бар. Егер әрқайсымыз бөлiнiп, қыпшақтың көсемi, арғынның көсемi, үйсiннiң көсемi болып жатсақ, бiздiң халық азады.

Ілмектер: Қазақ, Халық, Ұлт, Қыпшақ Мұстафа Шоқай
WhatsApp Telegram

Ханнан туған қырықтан, халықтың кегін қуатын қарадан туған біреу артық

Ілмектер: халық, хан Махамбет Өтемісұлы
WhatsApp Telegram