Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (48) Өлеңдер (46) Мақал-мәтелдер (50) Ұлағатты сөздер (11) Әзіл, анекдоттар (2)

"той" туралы Ұлағатты сөздер

"той" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "той" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Той кезінде, жас құрбым,
Жалтақтама тайынба.
Тартқан күйін, тамылжып,
Тіл бітірсін қайыңға.

Ілмектер: той, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, тіл Сағи Жиенбаев
WhatsApp Telegram

Тойсыз өмір өмір ме, семіріп толып өлдік қой, әнсіз өмір өмір ме, секіріп билеп болдық қой!

Ілмектер: Той, өмір, семіру, толу, өлу, ән, секіру, билеу Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Тәуірлер тәуір кісі тойына шақырусыз да бара береді.

Ілмектер: той, шақыру, тәуір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сократ
WhatsApp Telegram

Қазақ асықпай-саспай, бабымен тойлағанды ұнатады.

Ілмектер: Қазақ, той, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев
WhatsApp Telegram

Сен әруақытта қазiргiдей бiр көрiнiстi көресiң: адамдар некеге отырады, бала өсiредi, ауырып-сырқайды, өледi, соғысады, тойлайды, саяхат жасайды, жер өңдейдi, жағымпазданады, тәкаппарлық жасайды, қастық iстейдi, басқаның өлімін тілейді, тірлігіне көңілі тоймайды, ұнатады-сүйедi, қазына жинайды. Құрметтi лауазымдар мен таққа таласады.

Ілмектер: көрініс, неке, ауру, өлім, өмір, соғыс, той, саяхат, жағымпаздық, тәкаппарлық, қастық, көңіл, лауазым, тақ, талас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий
WhatsApp Telegram

Астан — жілік, тойдан — ілік.

Ілмектер: ас, той, жілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎
WhatsApp Telegram

Қарапайым тұрғындар арасында бұзаудай момын, той-думанда асау тайдай сергек болыңдар. Ал, соғыста олжасына төнген аш қырандай ұрысқа атылыңдар

Ілмектер: соғыс, нақыл, момын, афоризм, той, думан Шыңғыс хан
WhatsApp Telegram

Той, даңғазашылдық пен ештеме істемеушілік адамды аздырады, денсаулықтан айырады, қайта ақыл-ойдың бір нәрсеге талпынуы өмірбақи тұрмысты нығайтуға бағытталған қайратқа мінгізеді.

Ілмектер: той, денсаулық, ақыл Гиппократ
WhatsApp Telegram

Ойын-тойсыз өмір — аялдайтын бекеті жоқ ұзақ жол сияқты.

Ілмектер: ойын, той, жол, бекет Демокрит
WhatsApp Telegram

Сұлу қызға - той керек, асылдарға - ой керек.

Ілмектер: қыз, той, сұлу, ой, ақыл Шернияз Жарылғасұлы
WhatsApp Telegram

Жаман әйел алғанның – жауы үйінде, жақсы әйел алғанның тойы үйінде.

Ілмектер: әйел, жаман, жау, үй, той Сүйінбай Аронұлы
WhatsApp Telegram