1913 жылдан 1916 жылға дейін Қарағандыны ағылшын капиталистері пайдаланып тұрған кезде жер астында шанашы болып істедім. «Шанашы» дегеніміз — забойшылардың өңдірген таскөмірін ағаш шанаға тиеп алып, жер бауырлай тарта отырып, штрикке жеткізетін «мамандық». Әр күн сайын 14-15 сағат бойына осы азаппен жаншылып жұмыс істейміз. Сонда ағылшын капиталисінен күндік жалақыға алатынымыз 20 тиын ғана. Мұның өзі тамағымызға да жетпейді. Ағылшын капиталистері шахтерлерді аяусыз қанаумен бірге, оларды жәбірлеп, тұншықтырып отыратын. Ол сұмдардың өз бірлігін, жергілікті халыққа көрсеткен зәбірін айқындайтын екі оқиға әлі есімде.
Менімен бірге жер астында шанамен көмір тартып жұмыс істейтін Әбіл дейтін жолдасым бір күні қатты ауырып, жұмысқа шыға алмай қалды. Ашуланған шахта қожайыны, оған көмек көрсету орнына, «тіпті мүрдем кетісең де [көмірді] дереу жеткіз!» /шахта ішіне/ деген бұйрық берді. Ол мұны істеді де. Қатты ауырып есінен тануға айналған адамды күшпен жер астына әкеліп, шанаға теліп, көмір тасытқанын көрген әрбір жұмысшының көзіне жас келді. Түні бойы жер астында тынысы тарылып, ауырып азап көрген Әбілді таңертең зорға алып шықтық. Көп кешікпей қадірлі жолдасымыз қайтыс болды. Ол кезде көп жұмысшылардың тағдыры осылай бітетін еді.
Айта берсең, мұндай оқиға толып жатыр. Сол бір азаппен өткізген жастық шақтағы көрген адамдардың бейнесімен сөйлеген сөздері мәңгі есте қалған. Жер кеппенің бір бұрышында арыстай боп Әбіл жатыр. Оның аянышты өліміне жыламаған адам жоқ. Ертемен тұрып қабыр қазуға зиратқа кеттік. Қазылған қабырға, Әбілді қабырына топырық салуға оның көз көрген жолдастарынын бәрі келді. Әбіл жерленетін күні жұмысшылар жұмыстан кешігіп қалды. Бұған қожайын шәп-шәлекей болып ашулансын-ай келіп, ашулансын-ай! Қабыр қасындағы жиналған халыққа Құдрия деген уряднигін ертіп Текекөз бен Шернияз келді. Бізбен сөзге де келместен урядник боқтай берсін, боқтай берсін. Дігірітті ойнаттай келіп! Қолындағы қылышын қынабынан суырып алды. Олай бір, бұлай бір жалаңдатып бізді аттың бауырына ала бастады. Қылыштан қорықпайтын адам бар ма? Ығысып, жұп жазбастан үйге қарай қайттық.
Әбілдің үй ішінде әлі де жылау-сықтау. Әйелінің дауысы да дауыс-ақ еді! Адамның сай-сүйегін сырқыратар неше түрлі сөзбен күйеуін жоқтап отыр... Хорбатель мен Текекөз кісінің айқайлап жылаған дауысын үнемі жек көретін еді. Үнемі олай айқайлап жылауға тыйым салатын. Бұл жолы да Әбілдің үйіне урядникті Құдрияны жіберсін. Ол келе салып «тараңдар!» деп жиналғандарға, «үніңді өшір!» [деп] Әбілдің әйеліне ақырды. Сол кезде Торғаев Ысқақ деген досымыз болатын еді. Сол артынан баспалап келіп урядникті қылыш ұстаған қарыннан сойылмен періп жіберді. Қылыш қолынан ұшып түсті. Өзін жиналғандар шап беріп ұстап алып, ал, сой, ал, сой! Тепкінің астына алып, умаждап далаға тастадық. Ол күні жұмысшылар шықпай қойсын. Қазақтарды орыс жұмысшылары да қолдасын. Екеуі бірігіп кетті. Хорбатель Спасс зауытында тұратын пристав Сакаловқа кісі шаптырды. Ол кезде Спасс зауытындағы жұмысшылар жұмысқа шықпай, қожайын Манс Фелльге қарсылық білдіріп жатыр екен. Өйткені аштықтан өлген жұмысшылар ды «бұл кесепатты ауруымен өлген» деп өртемек болады. Соколов / Қарағандыға/ келе алмады. Бірақ жұмысшылар ертеңінде жұмысқа шықты. Жұмысқа шықпаса, аштан өлмек. Кейін Соколов келіп еді, оның өзі де жұмысшыларға ештеңе істей ал мады.
Қайта «көп қорқытады, терең батырады» деген емес пе?! Жұмысшылар одақтасып кеткенде қожайындарды бұқтырып-ақ тастайтын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі