1860 жылдардың басында қызылқұрт, ноғай руларын Дәулеткерей билейді. Әкесі Шығай болғанымен, Дәулеткерей ел билеу жұмысын жақсы көрмейді. Тек «ата заңы» бойынша аз уақыт бұл дәрежеге ие болады. Бірақ Дәулеткерейдің бұл руларды билеуі Құрманғазыға жаман тимейді, өйткені осы жылдарда екі күйші танысады. Бірі — Исатайға бүйрегі бұрған, қызылқұрттан шыққан Құрманғазы, бірі — Бөкейдің кіші інісі Шығайдан туған төре Дәулеткерей болып кездесіп, өмір жағдайында көзқарастары алшақ жатқанымен, оларды жақындастыратын үлкен күш пайда болады. Ол күш — өнер күші, күй күші болып шығады. Бірінші көріскенде бір-біріне қоңыр салқын болғанымен, аз уақытта-ақ бейтаныстық мұз еріп, екі күйші жалпы тілді тез тауып кетеді. Олай дейтініміз — Құрманғазы отырған, жүрген жерлерінде үнемі Исатайдың, Махамбеттің әңгімелерін көп айтады. Қалай дегенде ондай әңгімелер Дәулеткерейге ұнай бермейді. Бірақ кейін Дәулеткерейдің қитығына тие бермейін деп, Құрманғазы ол отырған жерде «бас жаққа» бара бермейді.
Қызылқұрттың жер дауымен бір күні жақсы көретін шәкіртінің бірі Көкбаланы алып, Папастың ауылына келеді, Папас би күйшіні жақсы қарсы алады. Құрманғазының келген жұмысын бітіріп, қызылқұрттың пайдасына мәселені шешіп береді. Әуелі Папас бір күй тартады. Күй Құрманғазыға қатты ұнайды. «Мынау не деген күй еді, тым сайрап тұр екен?» дейді Құрманғазы. Папас күйдің атының «Бұлбұл» екенін айтады. Құрманғазы сол арада бір күй тартады. Енді күйдің атының не екенін Папас сұрайды. Құрманғазы: «Бұл менің бұлбұлым еді» дейді. Сонда Папас тұрып: «Жоқ, аға, мынау бұлбұл емес, бұлбұлдың құрғыры ғой», — дейді. Содан келіп бұл күй «Бұлбұлдың құрғыры» атанып кетеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі