Өлең, жыр, ақындар

Ибн Синаның ажалға араша түсуі

Ибн Сина өз кезінде данышпан балгер адам болған екен. Оның қолынан келмейтіні жоқ екен. Қандай ауру адам болса да, өз қолымен жазып емдепті. Күн, айлар, жылдар өткенде Ибн Сина қартайған шағында өзінің ең жақын шәкіртін шақырып алып, кішкентай бір шақша береді. Сосын шәкіртіне:

— Мен өлгеннен кейін қалпымды жаса, содан кейін менің денемді өртеп, күлімді қалыпқа сал. Сөйтіп мына шақшаның ішіндегі сұйықтықты мұрнына құйып жібер! — дейді. Аз күн өткеннен кейін Ибн Сина дүние салады. Шәкірті қалып жасап, оның өлігін жақсылап өртеп, қалыпқа салады. Шақшадағы сұйықтықты алып, мұрнына құймас бұрын ойлайды: «Алдымен мен мұның бәрін құйып жібермейін. Біріншісі аз ғана та
мызып көрейін. Не болар екен?» Сосын шақшадағы сұйықтықты мұрнына бір тамызады. Сол уақытта «рис» деген сөз шыға ды. «Рис» — құй деген сөзі екен. Шәкірті: «Бұл адамды тірілтетін дәрі екен ғой. Мен мынаның қалғанын құймай-ақ қояйын. Құйсам ол тіріліп кетеді де, оның атағы барлық жерге жайылады. Дүниеде одан күшті адам болмайды», — деп сұйықтықты құймайды. Содан бері мұндай дәріге ешкім де жолаған емес, жолай да алмаған. Сөйтіп, дүниеде Ибн Сина ғана ажалға араша тұрыпты деген аңыз бар.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз