Өлең, жыр, ақындар

Көп жасағандықтың құпия сыры

Тышқанбайұлы Тасым — әңгімешіл, естігенін ұмытпайтын, әр оқиғаны жүйе-жүйесімен, түсінікті де қызықты етіп айтатын тілуар адам еді. Ертеректегі елеулі оқиғалар жайындағы естеліктерінің бірінде ол Өтеген атты бір қарттың қайратын, ұзақ өмір сүрудегі құпия сырын айтып берді.

— Сарыарқаның сары белінде мекендеген елдердің бірінде бір ғани адамның Мәлике атты қызы болыпты, — деп бастады әңгімесін қарт атам, — үлкен жиындарда ат үстінде айқасатын аударыспақ, көкпар, сайыс, қыз қуу сияқты бәсекелі ойындарда ол қыз нелер әлуетті жігіттерге жеңдірмепті. Өз күшіне әбден сенген, жиырма үш жастағы Мәлике:

— Кімде-кім мені ат үстінен аударып алса, мейлі ол қандай адам болса да, соған тиемін, — деп елге жар салыпты.

Даңқты арудан күшін асырып, оны өзіне бағындыруды, демек жар етуді көздеген қарулы жігіттер бәсекеде сәтсіздікке ұшырап, жеңіліп қала берді. Осыны естіген, тоқсан үш жастағы Өтеген қарт, нелер әлуетті жігіттердің бір әйел қайратына төтеп бере алмағанына намыстанып, Мәликемен бәсекеге өзі түсті. Әйдемге де келтірген жоқ, қызды ат үстінен жұлып алып, бейне марқа қозыдай алдына бөктеріп ала жөнелді. Мәлике уәдесінде тұрды, ғасырға жуық жасаған, өзінен жетпіс жас үлкен қартқа қосылып, семьялық өмір сүрді.

Бір жылдан кейін ол жүкті болды. Ер бала дүниеге келді. Осы кезде ел арасында пыш-пыштаған өсек тарай бастады. «Тоқсан бестегі шалдан бала болушы ма еді. Мәлике ару ұйқысырап кеткен болар...» десті. Бұл өсекке Мәлике өзі тойтарыс берді. Өтекең соншалықты көп жасаса да, оның нәпсілік қуаты кемімегенін ыспаттады:

— Кейде ғана болмаса, — деді ол, — түнді бос өткізбеді. Нәпсі тілегі менің тілегімнен де күшті.

Содан кейін өсек тиылды, бала Өтеген қарттың өз баласы деген қорытындыға келді жұрт. Мәлике замандастарымен сырласқанда, Өтекеңмен ең алғаш кездескенде-ақ оның өзіне өмірлік серік бола алатындығына сенгендігін айтады екен:

— Ат үстінен аударып алып, алдына бөктеріп, ерінің басына қысқанда, қабырғаларым түгел сөгілген шығар деп едім, — депті ару. Әңгімесін аяқтай келіп, Тасым атам Өтеген қарттың көп жасауына нелер себеп болғанын өзінше топшылаған сөзіне тоқтады.

«Көп жасауыма, осынша жасқа келгенде денім сау болып, күш-қуатымның кемімеуіне бірнеше себептер болды, — депті Өтекең, — атап айтқанда, өмірімде ішімдік ішпедім, шылым тартпадым, насыбай атпадым, жалаңаяқ жүрмедім, жайдақ атқа мінбедім, өз әйелімнен басқа бірде-бір әйелге жақындасқаным жоқ. Қандай жағдайда болса да ешнәрсеге ренжімедім, әр дайым көңілді, сергек болдым».


Пікірлер (4)

Момынбай

Не дейди-ау? 100-150 жыл бурын кайдагы арак, кайдагы темеки. Одан да кандай гаджет колданганын айтпай ма? Ертеги сиякты

Момынбай

Ертеги сиякты. Болған окига (егер рас болса) будан ең кеми 100-150 жыл , немесе 200 бурын туылған аксакал мен ерминез кыз туралы. Аксакалдын жас кезинде кайдагы темеки, кайдагы арак? Ертекти де ойланып жазу керек крй

Қаламқас

Алкоголь – қосындыларды ашытудан алынатын есірткі. Кей деректерге сүйенсек ол неолит заманынан бар.
Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген.

Ал Әбілқайыр ханның 1731 жылдардан бастап Ресейге қосылғаны белгілі. Ал орыстарда арақ ата заманнан бар. Ал темекі І Петр патшалық еткен кезден бар.

2020-1731=289 жыл болады екен. Сонда барлығы миға қонымды. Ал Тасым Тышқанбайұлы 1921 жылы жасы 67-де болған деген ақпарат бар. Ал 1854 жылдары қазақ жерінде талай нәрсе бар еді. Тас ғасыры емес тиіп тұрған азаман ғой)

Мысалы:
Первоосновой современного Алматы было укрепление Заилийское (Верное), построенное в 1854 году на правом берегу Малой Алматинки и пересечении двух караванных дорог. Одна вела в Ташкент и со временем стала именоваться Ташкентской аллеей (ныне проспект Райымбека), другая уходила в китайскую Кульджу, поэтому и звалась Кульджинским трактом.

Марсқа ұштым, жынға үйлендім, эхолокатор ойлап таптым деп тұрған жоқ қой) Технология тұрғысынан өте қарапайым болған жәй ғана ішімдік пен шылым туралы - ішімдік ішпедім, шылым тартпадым... деп тұр ғой.

Момынбай, сол себепті сауатсыз болмай! пікірді де ойланып жазу керек)
Ал сен сияқты сауатсыздардың бүгінгі заманда әлі бар болуы нағыз ертегі сияқты дүние)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз