Өлең, жыр, ақындар

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған шығармалар

Қазақстан менің елім, Отаным дейтін әрбір ұлт өкілі халықтар достығының кепі­ліне айналды. Ұлтаралық келісімді сақтап, тыныштық пен татулықта, бір мақсат-мүдде, елдікті орнықтыру жолында өмір сүруден басқа қандай бақыт керек?! Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­­­­­тың қазақ жерін­дегі тұрақты­лық тұ­ғы­рын берік сақтау саясатының мәні де осында жатыр емес пе. Кеу­дең­ді елің үшін мақта­ныш сезі­мі кернейді. Отанымыз­дың демо­кра­тия­лық қоғамның жоға­ры идеалдарын құ­руға ұмтылу бағы­тын, ұлттар арасын­дағы бір-біріне деген құрмет пен дос­тық­тың, мәдениеттің өз-ара байланысын бас­қа өркениетті елдер де оң бағалауда. Бү­гінде ұзақ жылдар достығы жарасып, үйі­мен үйі көршілес, балалары бірге өскен, өздері  қызметтес болып бір жерде жұмыс істейтін өзге ұлт өкілдерін өгейсітпей, ортақ Отанға біріктіру егемендікті орнық­тырудың өзіндік бір мақсат-мүддесі болып табылады.

Отан, тәуелсіздік, тұрақтылық, тұрақты даму ұғымдары әрбір қазақстандықтың жү­регінен орын алды. Қазіргі кезде облыста көптеген ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Өткен ғасырларда жері­мізге келіп қоныстанып қалған орыстар, украиндар, татарлар, белорустар қатарына ауыр жылдардың зобалаңы кезінде корейлер, немістер, поляктар, чешендер, ингуштер, қарашайлар, балқарлар, тағы бас­қалары келіп қосылды. Тың игеру жылдары, индустрияландыру ұранымен қоныс аударып, осы жерді Отаным деп тұрып қалғандар да баршылық.

*** *** *** ***

Елбасы біздің өмір сүріп отырған қоғам­дағы ұлтаралық тату­лық пен тұрақ­тылық­ты сақтауға, елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерінің рухани-мә­дени өрлеуі мен өсуіне қамқорлық жасауға, өркениеттілік пен демократия нормаларына сүйене отырып, аза­маттардың саяси мә­дениетін қалып­тас­ты­руға, қоғамның рухани дамуының тұжырым­дамалары мен бағдар­ла­маларының жобаларын дайындап, оларды жүзеге асыруға белсене араласуға үндейді. Осы орайда, алдымызға жас ұрпақты отан­шыл­дыққа, өскен жерлерін сүюге тәрбиелеу, мемлекеттік тіл — қазақ тілін оқып-үйрену, оны құрметтеу арқылы әртүрлі ұлт өкіл­дерінің арасын одан сайын жақын­дастыру міндетін қояды. Арамызда қазақ тілін білетін қаншама өзге ұлт өкілдері жүр. Бізге осы дәстүрді, қазақ тіліне, қазақ хал­қына деген құрмет пен сыйластықты берік­тіре түсу қажет.

*** *** *** ***

"Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба, қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін!" иә, көңілік көк жайлаудан кең қазақ халқының құшағына бәрі сияды. Сайын даласы кімдерге мекен болмады?! Жүрегі мен пейілі көпке жайылған ұлтымыздың ырысы мен мен берекесі құдайындай сыйлап, төріне көтерген қонағымен артқан. "Қырықтың бірі — Қыдыр" деп мәтелдегені де содан. Қара су мен қара нанға зар болған күнде де қайран жұртымыз паналай келген өзгені өзегінен теппей, соңғы күлшесін де бөліп жепті. Беу, қонақжайлылығымыз мен мейірімділігіміз мерейімізді сан мәрте биікке де шығарды емес пе?! Байтақ жерімізді пана қылып, қанатымыздың астынан өсіп-жетілген өзге ұлт өкілдері әр күн сайын әрбір қазаққа, қанымызға қонақжайлылық пен кең пейілділікті сіңіріп кеткен ата-бабаларымыздың рухына алғыс айтады. Оныңдәледін дүбірі таяп қалған ел бірлігі мерекесінен анық көреміз. Ынтымақтың ізгі меркесін бәріміз бірге тойлайық. ағайын! Шынайы бірліктің шырайлы мерекесінде түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, ынтымағымыз жараса, тойлауға асығайық.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар